Ресей банктерінің қазақстандық бөлімшелерінде 9,2 млрд теңге бұғатталған

1777 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 23 Мая 2022, 12:45

Бұған дейін аталған агенттік басшысы БАҚ өкілдеріне 3 ресейлік банкке қатысты 3 млрд теңге бұғатталды деген ақпарат берген болатын

Ресей банктерінің Қазақстандағы еншілес ұйымдарында 9,2 млрд теңге болатын қаржы бұғатталған. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығыны реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс депуттарының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Павлодар облысында ұялы байланыс, жол жоқ ауыл бар

"Санкциялық талаптар аясында жекелеген шетелдік банктер – "Сбербанк" АҚ еншілес банкінінің, "Альфа-Банк" АҚ еншілес банкінің және "Банк ВТБ (Қазақстан)" АҚ еншілес ұйымының шетел валютасындағы корреспонденттік шоттары бұғатталған. Аталған банктердің мәліметінше, салдарынан жалпы сомасы шамамен 9,2 млрд теңге ("Сбербанк" АҚ ЕБ бойынша – 2,7 млрд теңге, "Альфа-Банк" АҚ ,ЕБ бойынша – 6,2 млрд теңге, "Банк ВТБ (Қазақстан)" АҚ ЕҰ бойынша – 0,3 млрд теңге) болатын қалдықтарға шектеу қойылған. Бұдан басқа "Сбербанк" АҚ еншілес банкінің жекелеген клиенттерінің 2,9 млрд теңге болатын шетел валютасындағы төлемдерді бұғатталған. "Альфа-Банк" АҚ еншілес банкінің жекелеген клиенттерінің 3,9 млрд теңге болатын шетел валютасындағы төлемдер мен аударымдары бұғатталды. Қазіргі таңда банктің жаңа акционері "Банк ЦентрКредит" АҚ банкті АҚШ пен бірқатар басқа елдердің санкциялық тізімінен шығару жұмыстарын жүргізуде", - деп жазылған жауапта.

Агенттік басшысының дерегі бойынша, "Банк ВТБ (Қазақстан)" АҚ еншілес ұйымының клиенттерінің төлем және аударым операциялары шеңберінде қаражаттарды оқшаулау немесе бұғаттау фактілері жоқ.

Сондай-ақ, ол аталған еншілес банктердің басындағы проблеманың салдарынан шығын көрдім деп есептейтін қазақстандықтар сотқа жүгіне алатынын айтады.

"Сбербанк" АҚ еншілес банкі және "Альфа-Банк" АҚ еншілес банкі қаражатын бұғаттау және олардың клиенттерінің қаражатын оқшаулауға байланысты қалыптасқан жағдай сыртқы геосаяси тәуекелдерге байланысты. Осы орайда клиенттер екі банкке қатысты шығындарын өтеп алу үшін азаматтық талап арыз берген жағдайда банктер сот органдарының шешімдеріне сәйкес бұл талапты қанағаттандырады", - деп жазады Мәдина Әбілқасымова.

Бұған дейін аталған агенттік басшысы БАҚ өкілдеріне 3 ресейлік банкке қатысты 3 млрд теңге бұғатталды деген ақпарат берген болатын.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Несуществующие квартиры продавали под видом участия в программе реновации Алматы
Прокуратура возобновила досудебное расследование о долевом строительстве в отношении Садыковой
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай