Qazaq Oil Абай облысында өрттен зардап шеккендерге 50 млн теңге бөлді

530 просмотров
0
Ратель
Четверг, 15 Июн 2023, 14:00

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады

Qazaq Oil Абай облысында өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде 50 млн теңге бөлді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Qazaq Oil ұжымы өрттің қасіретін тартқан әрбір отбасыға шын жүректен көңіл айтып, қолдау көрсетеді. Біз сіздерге түскен ауыртпалықты сезініп отырмыз. Өйткені, мұның барлығы біздің туған жеріміз Қазақстанда болып жатыр", - делінген Qazaq Oil мәлімдемесінде.

Компания Абай облысының тұрғындарына батылдық пен шыдамдылық тіледі.

"Моральдық қолдаумен бірге біздің компания орман өртінен зардап шеккендерге көмек ретінде 50 млн теңге көлемінде материалдық көмек бөлу туралы шешім қабылдады", - деп толықтырды Qazaq Oil.

Компания жақын арада жағдай тұрақталып, Абай облысының тұрғындары күнделікті өмірлеріне қайта оралатынына сенімді.

"Сіздер жалғыз емессіздер және мұндай қиын сәтте біз қастарыңыздан табылып, қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл қиындықтарды бірге жеңіп, күнделікті қалыпты өмірімізге қайта ораламыз. Халқымызға бейбітшілік, жақсылық пен амандық тілейміз", - делінген Qazaq Oil хабарламасында.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
1000 домов подключены к системе питьевого водоснабжения в Илийском районе