Президент төтенше жағдай кезінде ерекшеленген Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерін марапаттады

1260 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 02 Июл 2023, 12:00

Абай облысында болған өртті сөндіруге қатысқан Қарулы күштердің әскери қызметшілері мемлекеттік наградаларға ие болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен "Семей орманы" резерватындағы алапат өртті сөндіруде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Қорғаныс министрлігі 53975 әскери бөлімінің командирі полковник Нұрлан Байдуллаев II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Читайте также
Атырау облысында көкөніс жылдағыдан ерте пісті

Нұрлан Қошқарұлы төтенше жағдай кезінде құрамына Астана, Жетіген, Шымкент авиациялық базаларының және Семей дербес авиациялық эскадрильясының экипаждары кірген Қарулы күштердің армиялық авиация тобын басқарды.

Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде армиялық авиацияның 21 экипажы 1764 рет жалпы көлемі 4960 тонна болатын  су төгуді жүзеге асырды. Алты күн ішінде олардың ұшу уақыты 320 сағатты құрады.

Экипаждардың іс-қимылын үйлестіру, өртті өшіру тактикасын әзірлеу, жеке құрамның қауіпсіздік шараларын сақтау міндеттерін орындай отырып, полковник Байдуллаев өзі де өртті сөндіруге тікелей қатысты. Оның ұшу уақыты 40 сағатты құрады.

Температура көтеріліп, жел күшейген төтенше жағдайда ұшу-қону, суды толтырып алу мен төгу кезінде авиациялық оқиғалардың алдын алу маңызды болатын. Қорғаныс министрлігінің басшылығы қойған бұл міндет толықтай орындалды.

Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің бригада сержанты Талғат Жанғазинов "Жауынгерлік ерігі үшін" медалімен марапатталды. Бұл награданың әскери қызметшінің төтенше жағдай салдарын жою кезіндегі сауатты қимылы, шебер әрі бастамашыл іс-әрекетіне берілген баға болғанын атап өткен абзал.

Төтенше жағдай кезінде бригада сержанты Талғат Жанғазинов жеке құрамның өрт ошағын сөндіру жөніндегі іс-қимылдарын басқарды.

Әскери топографияны жақсы білуі оған тез бағдарлауға және бағыныштыларды қаупі ықтимал аумақтан шығаруға көмектесті. Оның басшылығымен жұмыстар жүргізілген учаскеде тілсіз жаудың қайта тұтануына жол берілмеді.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен өрт сөндіруге қатысқан бірқатар әскери қызметшілер "Ел қорғаны" ведомстволық медалімен және ақшалай сыйлықақымен марапатталды. Жекелеген әскери қызметшілерге әскери атақтар мерзімінен бұрын берілді.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
Платная онлайн-свадьба, спор из-за женской одежды, семейные обряды и роль свекрови
Обзор казахских СМИ
Восемь лет с отсрочкой и запрет на журналистику - прокурор запросил наказание для Гульнары Бажкеновой
Гособвинение потребовало признать главного редактора Orda.kz виновной по всем статьям, но отсрочить исполнения наказания на два года
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай