Аталған процесс 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады
ҚР Президенті сайлауына кандидаттардан өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Сағат 10:35-тегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына кандидатты ұсыну өтініші келіп түскен жоқ", - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар ЕРМАН.
Айта кетсек, бүгін президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды. Аталған процесс 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады.
Президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптар:
- ҚР азаматы болуы;
- ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;
- Жоғары білімінің болуы;
- Жасы 40-қа толған болуы;
- Белсенді сайлау құқығының болуы;
- Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.