Дуров негізін қабылдаған қосымшаны Қазақстанда 10 миллионнан астам адам қолданады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан МӘДИЕВ ресейлік Telegram қосымшасының негізін қалаушы Павел ДУРОВТЫҢ Қазақстанға не үшін келгенін айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.
"Павел Дуров осында жүр, Қазақстанды көргісі келеді. Өзге қалаларда да (Астанадан басқа – ред.) болуы мүмкін. Қазір жоспарды пысықтап жатырмыз. Өте қызығушылықпен келіпті. Бұйырса, келешекте табысты жобаларды іске асырамыз деп ойлаймын. Әзірше қазір нақты жобалар туралы ештеңе айта алмаймын. Бірақ оған Қазақстанның ұнауы үшін, бұл жақтан бірлескен технологиялық бойынша үлкен келешек көруі үшін бәрін жасаймыз. Жұмыс істейміз", - деді министр Парламент палаталарының бірлескен отырысы алдында.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда Павел Дуров негізін қабылдаған қосымшасын 10 миллионнан астам адам қолданатынын айтты.
Фото: Коллаж: instagram.com / durov / Үкімет.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!