Басқа сыйлықтарын санамағанда
Олимпиада-2024 қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыларға 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленеді. Бұл төлемдер республикалық бюджеттен бөлінеді және ҚР Үкіметінің қаулысымен реттеледі, деп нақтылайды sportilinet телеграм-каналы.
Сыйақы сомалары доллармен көрсетілген – неге олай екені ешкімге белгісіз.
Қазақстан жүлделі орындарға ғана емес, 4-6 орын алғандарға да сыйақы береді:
- Алтын медаль – $250 000
- Күміс медаль – $150 000
- Қола медаль – $75 000
- 4-орын – $30 000
- 5-орын – $10 000
- 6-орын – $5000
Командалық жарысқа қатысса да әрбір спортшы толық соманы алады: мысалы, ату спортынан командалық қола медаль үшін Қазақстан екі төлем жасайды – Александра ЛЕ мен Ислам СӘТПАЕВТЫҢ әрқайсысы $75 000 алады.
Алтын алған СМЕТОВКЕ $250 000, күміс жүлдегерлер Нариман ҚҰРБАНОВ, Демеу ЖАДРАЕВ, Нұрбек ОРАЛБАЙЛАРҒА жалпы $450 000 төленеді.
Қола медалистер Александра Ле, Ислам Сәтпаев, Ғұсман ҚЫРҒЫЗБАЕВ, Назым ҚЫЗАЙБАЙҒА жалпы $300 000 төленеді.
Бесінші орын алғандар – Мұхаммедсабыр БАЗАРБАЙҰЛЫ, Айбек ОРАЛБАЙ, Сәкен БИБОСЫНОВ, Әбиба ӘБУЖАҚЫНОВА, Милад КАРИМИ, Әмір МАЙМҰРАТОВҚА жалпы $60 000 төленеді.
Алтыншы орын үшін Александра Ле, Руслан Құрбанов (жеке және құрамада), Эльмир ӘЛІМЖАНОВ, Вадим ШАРЛАИМОВ және Ерлік СЕРТАЙҒА жалпы $36 000 төленеді.
Осылайша, спортшыларға 1 млн 96 мың доллар кетеді – бұл 524 млн 23 мың теңге.
Бірақ Қазақстан сыйақыны спортшыларға ғана емес, бапкерлерге де беруі керек – сомалар бірдей, бірақ бір ставка үш бапкерге бөлінеді. Мысалы, Елдос Сметовтың алтыны үшін үш бапкер (алғашқы, жеке, ұлттық құрама бас бапкері) жалпы $250 000 алады. Бапкерлерге де тура сол 1 миллион 96 мың төленуі тиіс.
Түптеп келгенде Олимпиададан кейін Қазақстан спортшылар мен бапкерлерге 2 млн 192 мың доллар төлейді – бұл 1 млрд 48 млн 47 мың теңге.
Фото: ҚР ҰОК баспасөз қызметі.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!