Париж-2024: Алматы әуежайында мерекелік атмосфера орнады

1065 просмотров
0
Ратель
Суббота, 10 Авг 2024, 13:30

Байрақты бәсекеде еліміздің абыройын асқақтатып, қуанышын көкке жеткізген Демеу Жадыраевты күтіп алуға асыққан халықтың қарасы көп

KAZINFORM: Қазір санаулы минуттардан соң Париж Олимпиадасының күмісі жүлдегері Демеу Жадыраев мінген мінген ұшақ Алматы әуежайына қонады. Көптің алғысына бөленген спортшымызды қарсы алуға жиналғандар арасында еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін бар.

Читайте также
Қазақ спортын өлтіріп тастадық

Алматы әуежайында мерекелік атмосфера орнады. 

Айта кетейік, ол алғашқы жекпе-жегінде эквадорлық Джейр Куеромен белдесті.  Аса тартысты өткен жарыста Демеу Жадыраев 8:0 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовтан 3:1 есебімен басым түсті. 

Ал жартылай финалда әзербайжан жігіті Санан Сулеймановты 6:1 есебімен жеңді. 

Финалында отандасымыз 77 келі салмақта қарсыласы жапониялық Нао Кусакадан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты. 

Демеу Жадыраев биыл 34 жаста.

Фото: Видеодан алынған скрин.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.