20 желтоқсанда Уральская көшесіндегі жерасты жылу құбырының диаметрі 108 мм болатын бөлігі жарылды
Бүгін Қостанай қаласындағы Уральская көшесінде жылу құбыры жарылып, бір көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат "Қостанай жылу энергетика компаниясының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"20 желтоқсанда Уральская көшесіндегі жерасты жылу құбырының диаметрі 108 мм болатын бөлігі жарылды. Апат шамамен таңғы сағат 08:00 шамасында болды. Құбырды қалыпқа келтіру жұмыстары сағат 13:00-18:00 аралығында жүргізіледі. Осыған байланысты Уральская 23 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үй жылудан ажыратылды", - деп мәлім етті "Қостанай жылу энергетика компаниясының" баспасөз қызметінен.