“Ойнап жүріп” 12 млн теңге ұрлапты. Спорт мектебінің екі директоры сотталды

2086 просмотров
0
Дмитрий МАТВЕЕВ
Четверг, 17 Апр 2025, 14:00

Олар “сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру” бабымен кінәлі деп танылды

Ақтөбе қаласының №2 қалалық сотында Мақсат ӘУЕЛБАЕВ пен Қайрат ДІЛМАНОВҚА үкім шығарылды. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 195-бабы бойынша (Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) кінәлі деп танылды.

Читайте также
Мас күйде көлік жүргізген полицияның полковнигі ұсталды

Бұл сотқа дейін Әуелбаев пен Ділманов жұмыстарынан босатылған. Үкімде айтылғандай, Әуелбаев – футболдан облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры, ал Ділманов – хоккейден №5 “Олимп” балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы болған. Екеуі де футбол алаңы мен мұз айдынын әуесқой командаларға жалға беріп, одан түскен ақшаны өз қалталарына басып келген.

Үкімге сенсек, Ділманов футбол спорт мектебінің бөлім басшысы болып жүрген кезінде футбол алаңын жалға бергені үшін ақшаны өзінің банк картасына қабылдап, өзіне жұмсаған. Ақшаның біразын “ставка” тігіп ұтылған. 2024 жылы Ділманов “Олимп” спорт мектебінің директоры болып тағайындалған соң, мұз айдынын жалға беру арқылы түскен ақшаны да өзіне алып отырған. Әуесқой командалардан түскен төлемдер арнайы есепшотқа емес, спорт мектебінің бухгалтерінің есепшотына аударылған. Ал қолма-қол төлегендер ақшаны мектептің вахтеріне берген.

Ділмановтың бұл тірлігін футбол спорт мектебінің директоры Әуелбаев қайталаған екен. Үкімде айтылғандай, ол да футбол алаңын жалға беруден түскен ақшаны өзі иемдене бастаған. Осылайша екі директордың заңсыз табысы 12 миллион теңгеден асып кетіпті. Екі директор да ойынқұмар екен, әлгі ақшаның біразы спорттық бәс тігуге жұмсалып кетіпті.

Сот Әуелбаевты екі жылға, Ділмановты екі жарым жылға бостандығын шектеу жазасына кесті.

Бірақ екеуі де мемлекетке келтірілген залалды толық өтегендіктен, түрмеге қамалмады.

Фото: depositphotos.com.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Айдарбек Сапаров провел ряд двусторонних переговоров с бизнес-сообществом ОАЭ