Алты күнде Алматыға тоғыз рет қонған Ресейдің әскери жүк ұшағы Қазақстанға не тасып жүр
Flightradar24.com сайтында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігіне тиесілі борт нөмірі RA-78842 Ил-76МД-90А әскери жүк ұшағының 9 қазаннан 14 қазанға дейін тоғыз рет Алматыға қонғаны тіркелді.
Осыған байланысты Ratel.kz редакциясы ҚР Қорғаныс министрлігіне сауал жолдады:
- Бұл ұшақ Қазақстанға алты күннің ішінде тоғыз рет қандай мақсатпен келді?
- Ресейдің әскери жүк ұшағы Алматыға не тасып жүр?
ҚР Қорғаныс министрлігі жауап берді. Оның хабарлауынша, Ресей Алматыға әскерилердің жеке құрамы мен соғыс техникасын тасып әкелген. Өйткені 9-14 қазан аралығында Қазақстанның жерінде ОДКБ-ның “Нерушимое братство-2024” дейтін жиыны өте қалған. Ресейдің контингенті ОДКБ-ның бітімгершілік күштерімен бірлесіп, командалық-штабтық жаттығуларға қатысқан дейді.
Фото: ашық дереккөздерден.
Аударған А.Олжаев.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!