Құжаттың толық атауы – "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" Заң
Мәжіліс аумақтық қорғаныс туралы заң жобасын талқылайды. Құжаттың толық атауы – “Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы” Заң, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
- Заң жобасында еліміздің аумақтық қорғанысының құқықтық негіздері, аумақтық қорғаныстың мақсаттары, міндеттері, қағидаттары айқындалады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, азаматтардың өкілеттіктері мен жауапкершілігі бекітіледі. Ілеспе заң жобасы Қазақстан заңдарын Аумақтық қорғаныс туралы заң жобасына сәйкес келтіруге бағытталған, - деді заң жобасына қорытынды әзірлеу туралы ұсыныс жасаған Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл ҚҰСПАН.
Депутаттар аталған құжатты мәжіліс қабырғасында пысықтап, қорытынды әзірлеу туралы шешім қабылдады.
Фото: assembly.kz.