"Мемлекет көмек береді": Тоқаев желіде жазба жариялады

7042 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 21 Июн 2020, 17:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты көмек көрсететінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Читайте также
Жандарбек Бекшин Алматыда карантиннің күшейтілуін түсіндірді

"Еліміздегі барша медицина қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Мемлекет басшысы пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге ризашылығын білдірді.

"Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді", - деді президент.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, коронавирус эпидемиясы Қазақстанда тарағалы бері 1 904 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Олардың тек 30 проценті ғана вирусты жұмыста жұқтырған.

Фото: akorda.kz.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.