“Мектепке мұғалім болып кіру үшін 2 млн теңге сұрайды”

1625 просмотров
0
Ратель
Пятница, 16 Авг 2024, 13:00

Мұғалім министрге шағымданды

Астанада өткен жас ұстаздар форумында ҚР оқу-ағарту министрі Ғани БЕЙСЕМБАЕВҚА білім беру саласында жемқорлыққа байланысты шағым түсті, деп хабарлайды El.kz.

Шағымданушы ұстаз қазір Ақмола облысында педагог болып жұмыс істейтінін мәлімдеді, себебі “Жамбыл облысында жұмысқа орналасу үшін ақы төлеуі керек”.

Читайте также
Енді "креативно жейік" дедіңдер ме

- Қазір жұмысқа тұру үшін кем дегенде бір миллион теңге немесе тіпті 1,5-2 млн теңге сұрайды. Оңтүстік өңірлерде сыбайлас жемқорлық өршіп тұр, - деді жас ұстаз.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір қазақстандықтың міндеті екенін айтты.

Ол мұндай жағдайларды тексеретінін мәлімдеді.

- Педагог Жамбыл облысының қай ауданында осылай ақша сұрап жатқанын нақтыламады. Жеке хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтаймыз, - деп жауап берді министр форум аяқталған соң қойылған журналистердің сұрағына.

Фото: istockphoto.com.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.