Медициналық сақтандырудың жаңа тәсілі іске қосылды

1649 просмотров
0
Ратель
Вторник, 06 Сен 2022, 17:45

Жаңа норма алдағы 12 айға жарна төлеу арқылы МӘМС жүйесіне дербес төлеушілердің қатысуының баламалы әдісін қарастырады

МӘМС жүйесінің қатысушысы болу үшін енді өткен 12 айға жарна төлеудің қажеті жоқ. 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістерге сәйкес, алдағы 12 ай үшін төлем жасауға болады. Бұл жыл бойына сақтандырылуға мүмкіндік береді.

Читайте также
Қостанай облысындағы дала өртін бүгін-ертең толық сөндіреміз – Юрий Ильин

Бұған дейін хабарланғандай, шілде айында "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бекітілді. Жаңа норма алдағы 12 айға жарна төлеу арқылы МӘМС жүйесіне дербес төлеушілердің қатысуының баламалы әдісін қарастырады. Бұған дейін МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқық алу үшін өткен 12 айға төлем жасалуы керек еді.

"Халық денсаулығына қатысты мәселелер күн тәртібінен түскен емес. Президент халықтың белгілі бір бөлігі әлі де МӘМС жүйесінен тыс қалып отырғанына назар аударды және қысқа мерзімде оларды жүйеге тарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдан бастап іске қосылғанына және жарналар барлығына міндетті екеніне қарамастан, кейбір бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар жарна төлемеген немесе төлемді тұрақты жүргізбеген. МӘМС туралы Заңның жаңа нормасын енгізгенге дейін сақтандырылу мәртебесі өткен 12 ай үшін жүйелі төлем болған кезде ғана берілді. Сондықтан МӘМС тізіміне кіретін медициналық көмек алу қажеттілігі туындаған кезде сақтандырылмаған адамдар төлем жасамаған айлар үшін жарналарды, яғни берешекті төлеуі керек еді. Алайда бұл нұсқа бәрінің бірдей көңілінен шықпады. Енді сақтандырылудың баламалы тәсілі пайда болды. Алдағы 12 ай үшін жарналарды төлеуге мүмкіндік бар. Бұл жыл бойы МӘМС-те медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді", – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ақпараттық-түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Ирина Подскочая.

Читайте также
Үкімет екі айда бұрынғыдан да жақсы үйлер салып береді – мемлекет басшысы

Осылайша, сақтандыру мәртебесін алу үшін келесідей қадам жасау керек:

А) 12 айдың өтіп кеткен кезеңдері үшін төлем жасап, мәртебені жоғалтпау үшін жарналарды одан әрі жүйелі түрде төлеуді жалғастыру керек. Бұл тәсіл қарызы бар, ал қазіргі уақытта ресми түрде жұмысқа орналасқандар үшін ыңғайлы және ол үшін қазір жарналар түсіп жатыр;

б) ағымдағы айларды қоспағанда, болашақ 12 айға төлем жасап, бір жыл ішінде сақтандырылу керек. Мәртебе келесі айдан бастап пайда болады. Егер мәртебені ағымдағы айда алу қажет болса, онда ол үшін төлем жасау қажет.

Жарналарды екінші деңгейлі банктер, банктердің мобильді қосымшалары, Қазпошта және төлем терминалдары арқылы дербес төлеуші ретінде әр ай үшін жеке 3 000 теңгеден төлеу қажет. Барлық төлемдерді "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік Корпорациясы 2-3 күн ішінде өңдейді, содан кейін оларға мәртебе беріледі.

Егер сұрақтарыңыз болса, емханаңыздағы Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласуға болады. Егер ол жерде сізге көмектесе алмаса, онда өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы SaqtandyryBot және Qoldau 24/ 7 мобильді қосымшасы.

Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтындағы "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат" мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.

 

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Встречи министров, старые убийства, интернет-мошенники, массовая драка и споры вокруг Кок-Жайляу
Что происходило в Казахстане и странах региона — коротко о самых обсуждаемых событиях за неделю
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай