"Астрахань-Маңғышлақ су құбыры" жаңарады
"Астрахань-Маңғышлақ су құбыры" жаңарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңғырту жұмыстары екі кезең бойынша жүргізіледі. Алғашқы кезеңде құбырдың су көлемі 110 мың м3-тан 170 мың м3-қа дейін артады.
"Мемлекет басшысынң тапсырмасымен бұл құбырды жаңғырту жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде су құбырының қуаттылығын 110 мың м3-тан 170 мың м3-қа дейін жеткізілетін болады. Жұмыстардың жүзеге асуы нәтижесінде аталған елді мекендерді толықтай ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады", - деді Маңғыстау облыстық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров.
Жалпы "Астрахань-Маңғышлақ су құбыры" арқылы келген суды Бейнеу, Маңғыстау аудандары мен Қарақия ауданның Жетібай, Мұнайшы ауылдары, Жаңаөзен қаласының тұрғындары тұтынып отыр.
Фото: flickr.com/jemimus.