Мас күйде көлік жүргізген полицияның полковнигі ұсталды

2953 просмотров
0
Дмитрий МАТВЕЕВ
Суббота, 30 Ноя 2024, 12:00

Оның жүргізуші куәлігін тартып алғанымен, өзін түрмеге тықпай-ақ қояйық деп шешіпті

Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары, "Құқық" кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Ерлан БАЛЫМОВТЫ полиция мас күйінде көлік айдап жүрген кезінде ұстады.

Патрульдегі жігіттер бұл жолы шен-шекпенге қарамай, Балымовқа қатысты хаттама толтырып жіберіпті. Профессордың ісін Ақтөбе қаласының әкімшілік соты қарады.

Читайте также
За пьяный кураж журналиста Elmedia Аяна Шарипбаева страховщики заплатили 2,2 млн тенге

Ақтөбе әкімшілік сотының қаулысында көрсетілгендей, Балымов ішімдік ішкен күйінде көлік басқарған. Бірақ профессор өз кінәсін мойындамайды. "Револьвер" дейтін кафеден шыққам, көлікті мен емес, досым жүргізді дейді. Ішкенім де арақ емес, коктейль дейді. Досы таксиге мініп тайып қойған соң, тұрған көліктің ішінде жай отыр едім дейді.

Сөзге сене салатын сот болушы ма еді? Қанынан алынған сараптама нәтижесі "Балымов алкогольді бірдеңе ішкен" деп тұр. Әйтеуір әлгі жерде шынымен масаң болғаны, полицияның видеосынан көлікті өзі басқарғаны дәлелденді.

Сот Ерекеңді әкімшілік кодекстің 608-бабының 1-бөлігі бойынша "Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқару" бабы бойынша кінәлі деп тапты.

Кәдімгі адамдар үшін бұл бап бойынша жаза – 15 тәулікке қамау және жүргізуші куәлігінен 7 жылға айыру. Бірақ полицейге келгенде заң өзгеріп кетті: профессорды 15 тәулікке қамауға алған жоқ. Оның орнына сот іс материалдарын институтқа сілтей салды, тиісті шараны солар қолдансын деп. Полковниктің жүргізуші куәлігі полиция басқармасында уақытша сақталатын болды.

Ал институтта тексеріс жүргізіліп, қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін Ерекең "органнан" біржола шығарылды.

Фото: видеодан кадр.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В области Жетісу впервые состоялись региональные соревнования по дрон-рейсингу и авиамоделированию