Ұлттық қорғаныс университетінде кітапхана ісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері талқыланды

1750 просмотров
0
Ратель
Суббота, 19 Окт 2024, 16:00

Астанада университеттің оқу процесінде арнайы әскери кітапханалардың рөліне арналған халықаралық конференция өтті

Читайте также
Жетісайда бастық болған 65 жастағы зейнеткер пара алды

Оған әскери жоғары оқу орындарының, азаматтық жоғары оқу орындарының, кітап үйлерінің, баспалардың басшылары мен мамандары және электрондық бағдарламаларды әзірлеушілер қатысты. 

Бейнеконференция байланысы арқылы конференция жұмысына доктор Давуд РАМЕЗАНИ бастаған Иран Қарулы Күштері Бас штабы Жоғары Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушылары және Беларусь Республикасы Әскери академиясының кітапхана меңгерушісі Наталья ГОРБАЧ қосылды.

Қатысушыларға ҚР Ұлттық қорғаныс университеті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Самат ТӨЛЕПБАЕВ құттықтау сөз сөйледі.

– Оқу үдерісінің тиімділігін арттырудың маңызды резерві кітапхана желілері мен жаңа ақпараттық технологиялар екені анық. Сондықтан біз олардың дамуына ерекше назар аударамыз, – деді ол. 

Конференция барысында оқу орындарының кітапханаларын үйлестіруді жақсарту жөнінде тұшымды баяндамалар мен ұсыныстар айтылды. 

Құрлық әскерлері әскери институтындағы оқу кітапханасының меңгерушісі Ұлдар Бекқожаеваның баяндамасы арнайы әскери-оқу кітапханаларының құрылу тарихына және олардың даму перспективаларына арналды. 

Читайте также
Мынаны үйіне қайтарыңдар!

Доктор Давуд Рамезани Ирандағы Жоғары ұлттық қорғаныс университетінің әскери кітапханасы қорғаныс саласындағы ғылыми зерттеулердің дамуына қалай ықпал ететіні жайлы айтты. 

Беларусь Республикасы Әскери академиясының кітапхана меңгерушісі Наталья Горбач әріптестеріне оқу орнының қорындағы сирек кітаптар туралы әңгімелеп берді. 

"EDP HUB" ЖШС даму жөніндегі директоры Вита Кутуеваның электрондық кітапхана желісіне қатысты презентациясы арнайы әскери жоғары оқу орындарының оқу процесіне қалай кіріктіруге болатынын көрсетті. 

Іс-шара аясында Ыбырай АЛТЫНСАРИН атындағы Кітап үйінің көрмесі ұйымдастырылды.

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай