Премьер-министрдің мәлімдеуінше, 47 жобаның 30-ында ғана жұмыс жүріп жатыр
Үкімет басшысы Әлихан СМАЙЫЛОВ укімет отырысында алдағы жылу маусымына дайындық жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Энергия объектілері иелерінің жауапкершілігін күшейту қажет. Олардың алдына қатаң түрде қарсы міндет қою керек. Өйткені уәкілетті органдар 27 энергия өндіруші компания үшін көтерме тарифтерді бекітіп берді. Ол тарифтерді стансалардың өздері ұсынды. Министрлік ұсыныстарды қабылдады. Жылу желілерін жөндеу жұмыстарының қарқыны өте баяу", - деді Смайылов.
Премьер-министрдің мәлімдеуінше, 47 жобаның 30-ында ғана жұмыс жүріп жатыр. Желілерді техникалық тексеру жұмыстары да біткен жоқ.
"Уәкілетті орган мен әкімдіктер арасында үйлестірудің жоқтығынан осындай кемшіліктер орын алып отыр. Жалпы, жылыту маусымына дайындық жұмысын нашар деп бағалаймын", - дейді ол.
Фото: t.me/Kzgovernment.