Үкімет басшысы елімізде қызылшаның әдеттен тыс таралуына алаңдатушылық білдірді
Елімізде қызылша ауруының таралуы әсіресе балалар арасында жиілеп отыр. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан СМАЙЫЛОВ мәлім етті, деп хабарлайды Кazinform.
- Жұқпалы ауруларды азайту шаралары үкіметте бірнеше рет қаралды. Кең таралған вирустық инфекциялар бойынша да көрсеткіштер (В вирусты гепатиті, ротавирусты инфекция, дизентерия және т.б.) төмендеді, - деді Әлихан Смайылов үкімет отырысында.
Үкімет басшысы елімізде қызылшаның әдеттен тыс таралуына алаңдатушылық білдірді.
- Өкен жылдан бері елімізде қызылшамен ауырғандар саны айтарлықтай өсіп кетті. Ол соңғы 10 жылда болмаған көрсеткішке жетіп отыр . Олардың 80%-ке жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың көпшілігі – тиісті екпе алмағандар. Екпе алмаған науқастардың ауруы асқынып кету қаупі жоғары. Мұндай жағдайлар қазірдің өзінде тіркеліп отыр, - дейді ол.
Фото: Kazinform.