Тұжырымдаманы тиімді іске асыру үшін су саласын дамытудың кешенді жоспарын қабылдау қарастырылған
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан СМАЙЫЛОВ Өнеркәсіп министрлігіне отандық су үнемдеу жабдықтары өндірісін ұйымдастыруға қатысты ұсыныс енгізуді тапсырды.
- Өңір әкімдіктері 1 айлық мерзімде коммуналдық суару мен жеке суару жүйелерін қалпына келтіру және оларды цифрландыру бойынша жол карталарын қабылдаулары қажет. Сондай-ақ коммуналдық гидротехникалық құрылыстарды жан-жақты тексеру керек, — деді Үкімет басшысы.
Оның атап өтуінше, тұжырымдаманы тиімді іске асыру үшін су саласын дамытудың кешенді жоспарын қабылдау қарастырылған.
- Бұл жоспар тұжырымдаманы модернизациялау мен салуды қарастыратын су инфрақұрылымы объектілерінің нақты тізбесімен толықтырады. Сондықтан Су ресурстары министрлігі 2 апталық мерзімде Кешенді жоспардың жобасын Үкімет Аппаратына енгізуді қамтамасыз етсін. Өнеркәсіп министрлігі Су ресурстары және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірге 1 ай мерзімде отандық су үнемдеу жабдықтарының өндірісін ұйымдастыру жөнінде нақты ұсыныстар енгізсін, — деді Әлихан Смайылов.
Фото: primeminister.kz.