Конституция бұзылды. Үкіметті сотқа береміз

1324 просмотров
0
Ратель
Среда, 07 Авг 2024, 14:00

Тағы да ұрланған уақыт туралы

Елде бірыңғай уақыт белдеуін енгізген сауда және интеграция министрлігі.

Бұл министрліктің өз еркімен жасалған нәрсе емес.

Біздің шенеуніктер өздері болып ешқашан бастама көтермейді.

Анығы, біздің қашан жатып, қашан тұратынымызды сыртымыздан шешті.

Зып еткізіп уақытты өзгерте салды.

Өтірік сарапшылармен өтірік тыңдаулар өткізе салды.

Бұл спектакльді басқа министрліктер де қолпаштап шықты.

Уақыт белдеуін өзгерту шешімі таза абсурд, бұра тарту.

Бұл анық, оны дәлелдеп жатудың еш қажеті де жоқ.

Бұл шешім үкіметтің сиқын көрсетті.

Елде басқа да проблема толып жатқанда олар уақытқа қадалды.

Петицияны қабылдаудан ат-тонын ала қашты.

Петиция дегенге түкіргенін көрсетті.

Әлеуметтік желілерде жұрт биліктің бұл шешімін сынап отыр.

Мемлекеттік тапсырыс алмайтын БАҚ-тар да жазды.

Мәселе саяси сипатқа ие болды.

Елу мың азамат қол қойған петицияға билік саяси шешімін шығарды.

Біз билікпен соттасамыз.

Читайте также
Біреу отқа май құйып отыр

Сонда петиция тақырыбы мен биліктің оны пысқырмайтыны барынша жария болады.

Елдегі уақытты ауыстыру туралы қаулы заңсыз қабылданды, қажетті рәсімдер сақталған жоқ.

Бұл Конституцияға қайшы келеді.

Сот мән-жайдың бәрін ескере отырып, үкіметті заңды сақтауға мәжбүрлей алады.

Петицияны қолдайтын біздермен бірге жаңадан ашық тыңдау өткізілуі тиіс.

Сот шын тәуелсіз болса, өзінің тәуелсіздігін көрсетсін.

Олай болмаса, халықтың бейбіт шеру мен басқа да қоғамдық шара өткізуіне конституциялық құқығы бар.

Ертең күз келеді, қараңғы ерте батады. Сонда рұқсат етілмеген небір жиын көбеюі мүмкін.

Билік мұны ұғып отыр ма, білмеймін.

Дегенмен, билік қатты ойлануы керек.

Дерекккөз: Қазбек Бейсебаевтың Facebook-тегі парақшасы.

Фото: primerminister.kz.

Қазақшаға аударған: Айдын Олжаев.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай