Үкімет Маңғыстау атом энергетикалық кешенін жөндеуге 4,9 млрд теңге бөлді

989 просмотров
0
Ратель
Среда, 19 Июл 2023, 14:00

"МАЭК" ЖШС ұсынған тізім негізінде қажетті қосалқы жабдықтар мен тораптарды (компоненттерді) сатып алуға қаржыландыру тетіктері қарастырылды

Қазақстан Үкіметі тарапынан Маңғыстау атом энергетикалық кешенінің (МАЭК) сенімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылданып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Читайте также
Саунадан балалар лагерін ашқан кәсіпкер мемлекеттен 107 млн теңге алған

Маңғыстау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша МАЭК-те жөндеу жұмыстарын жүргізуге ҚР Үкіметінің резервінен шамамен 4,9 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді. Бұған қатысты ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады.

"МАЭК" ЖШС ұсынған тізім негізінде қажетті қосалқы жабдықтар мен тораптарды (компоненттерді) сатып алуға қаржыландыру тетіктері қарастырылды. Апаттық жағдайдағы құрамдас бөліктерді ауыстыру электр стансаларының генерациялаушы жабдықтарын тоқтату және тұтынушылар үшін шектеулер енгізу тәуекелдерін барынша азайта отырып, жабдықтың техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға және жұмыс кезінде олардың сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, МАЭК пен АМӨЗ-де орын алған апаттардың себептерін тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес энергия кәсіпорындарының жұмысындағы жүйелік кемшіліктер анықталған болатын. Келешекте мұндай дағдарыстық жағдайлардың алдын алу үшін Үкімет бірқатар шұғыл әрі жүйелі шараларды қолға алмақ. Олардың қатарында "МАЭК" ЖШС-ны жаңғырту және күрделі жөндеу, батыс энергетика аймағын нығайту, АМӨЗ-ді сыртқы электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету және онда өзінің жеке энергия көзін салу, батыс аймақты Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен байланыстыру және т. б. бар.

Фото: primeminister.kz.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Несуществующие квартиры продавали под видом участия в программе реновации Алматы
Прокуратура возобновила досудебное расследование о долевом строительстве в отношении Садыковой
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай