“KEGOC” топ-менеджерлеріне 322,9 млн теңгеден астам сыйақы төледі

1205 просмотров
0
Ратель
Среда, 21 Авг 2024, 14:00

2023 жылы АҚ-ның таза пайдасы 60%-ға артып, 42,7 млрд теңгені құраған

“KEGOC” АҚ атқарушы органы мүшелеріне 322,9 млн теңгеден астам қаржы төледі. Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасына ұсынған құжатта жазылған, деп хабарлайды kursiv.media.

“KEGOC” АҚ осы хат арқылы келесі ақпаратты жолдайды:

“KEGOC” АҚ атқарушы орган мүшелерінің 2023 жылғы жиынтық сыйақысы 322 867 850,52 (үш жүз жиырма екі миллион сегіз жүз алпыс жеті мың сегіз жүз елу теңге елу екі тиын) теңгені құрады”, - деп жазылған хабарламада.

Бұл ретте компания топ-менеджерлерінің жалақысы ескерілген.

Аталған сома бұған дейінгі көрсеткіштен 80,2% жоғары. 2022 жылы “KEGOC” АҚ атқарушы органы мүшелерінің жалпы сыйақысы 179,1 млн теңгені (179 167 862,54) құрады.

Читайте также
Қазақстан спектакль-жиындар өткізу жағынан қатты дамыды

Компанияның басқарма құрамы бес мүшеден тұрады: басқарма төрағасы Нәби АЙТЖАНОВ, басқарма төрағасының орынбасары Бақытжан ЖАЗЫҚБАЕВ, кадрлар, құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор Төлеген САФУАНИ, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Айгүл ӘКІМБАЕВА және стратегия және тұрақтылық жөніндегі басқарушы директор Эльвира КОНАХБАЕВА.

Бес мүшенің әрқайсысы өткен жылдың соңында 64,574 млн теңге немесе айына 5,4 млн теңге алған.

“KEGOC” акционерлік қоғамы – Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы. Компанияның негізгі акционері – “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры.

2023 жылы АҚ-ның таза пайдасы 60%-ға артып, 42,7 млрд теңгені құраған.

Бұған дейін Freedom Broker сарапшылары KEGOC акцияларын сатып алуды ұсынған. 2024 жылғы наурызда мамандар компания акциясы +21% өседі деп болжаған.

Фото: BNews.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай