Карантин: Түркістанда қоғамдық бақылау күшейді

1773 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 12 Окт 2020, 10:40

Шаһардағы дүкендер мен көпшілік тамақтанатын орындарды аралау барысында кәсіпкерлік нысандардағы карантиндік талаптардың сақтала бермейтіні анықталды

Түркістанда қаладағы эпидемиологиялық жағдайға қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында арнайы рейд шаралары ұйымдастырылуда.

Карантиндік талаптарды тексерудің кезекті шарасы еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Елордада карантин тәртібін қадағалау күшейтіледі

Рейдтке шыққан арнайы мобильді топтың құрамына бұл жолы қала және аудан полицейлері, әкімдік қызметкерлері, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мен кәсіпкерлік палатасының қызметкерлері қатысты.

Шаһардағы дүкендер мен көпшілік тамақтанатын орындарды аралау барысында кәсіпкерлік нысандардағы карантиндік талаптардың сақтала бермейтіні анықталды. Мәселен, азық-түлік дүкендерінде сатушылар да алушылар да бетперде тақпайды, кіреберісте антисептикалық сұйықтықтар қойылмайды. Дәл осындай жағдай дәмханалар мен мейрамханаларда да қалыптасқан.

Онда келушілерді отырғызуда ара қашықтықтың сақталмайтыны, даяшылар мен әкімшілік қызметкерлері және келген қонақтар да бетпердесіз жүргені анықталды. Карантиндік талаптарға сай нысандарды уақтылы жабу бойынша да кемшіліктер тіркелді.

Айта кетейік, бұған дейін өңірде 217 адам отбасылық той-жиын өткізіп, ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылған болатын. Олардың арасында 64-і "Беташар" болса, 36-ы "Қыз ұзату" тойлары тіркелген. Ал, полицейлердің айтуынша, облыста шектеу шараларына қарамастан ережені елемейтіндер қатары көбейіп отыр.

Жалпы, бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен "Халықтық санитариялық-эпидемиологиялық, гигиеналық талаптарын бұзу" бойынша 2889 жайтын тіркеп, әкімшілік хаттамаларды сотқа өткізген.

Фото: Kazinform.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай