ҰҚК-ның арнайы операциясына қатысып, ақшасыз қалған Асеке

1526 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 15 Сен 2024, 12:00

Алаяқтарға алданып қалмаңыз

Асеке – ойдан шығарылған адам дегенмен, оның басына туған күн сіз бен бізге де келіп тұрмасын.

Асекең кенже ұлына күйініп отыр. Ол биыл оқуға түседі, гейм-дизайнердің оқуына барам дейді.

- Онысы несі, кеден ісі, не болмаса заңгер мамандығына неге бармайды? Адам ұқпайтын оқуды оқып, ертең бала-шағасын қалай асырамақ!, - деп Асеке басын шайқады.

Әйелі де үлкен ұлдарын мысал етудің орнына кенже баланың осы таңдауын жақтайды. Үлкен ұлдардың бірі полицей, екіншісі – теміржолшы, қызы – есепші. Бәрі өмірдегі орнын тапқан.

"Адам деген өз тағдырына жауапты қарауы керек қой-ей", деп күрсінді Асеке.

Сол кезде телефоны шыр етті. Арғы жақтан естілген қатқыл дауыс өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері деп таныстырды.

- Қазақстанда банк қызметкерлері қылмыстық топ құрып, алаяқтықпен айналысып жүр. Біз соларды ұстау үшін арнайы операция жүргізіп жатырмыз, сізден көмек көрсетуді сұраймыз.

Асекеңнің бойы тіктеліп кетті.

- Әрине, не істеуім керек?

Сөйтсе, банданы торға түсіру үшін "жемтік" керек екен, Асекеңе жемтіктің рөлін ойнап бер деген. Ол үшін Асеке банктерге барып түрлі операция жасап, "банк алаяқтары" не істейтінін мұқият бақылауы керек. Сосын әрине, өзінің құпия агент болып арнайы операцияға қатысқаны туралы ешкімге тіс жармауы керек.

Асекең "комитеттің" айтқандарын тура орындайды: банк карталарын ауыстырды, ондағы ақшасын "қауіпсіз шоттарға" аударды, банктерге өзі барып кредиттер рәсімдеп, ол ақшаны да айтқан жерлерге аударып тастады. Басқа істің бәрін ұмытып, мықтап кірісті.

Банк қызметкерлерінен көз алмай, мұқият бақылады.

Бүкіл күні соған кетсе де, Асекең өзіне риза еді. Әттең-ай, ешкімге айтуға болмайды. Мемлекеттік құпия ғой. Күні бойы қайда болдың деген әйелінің сұрағын да жауапсыз қалдырды.

Ертесіне "куратор" хабарласқан жоқ. Асекең уайымға түсті, операция жоспар бойынша жүріп жатыр ма екен? Өзі хабарласпақ еді, телефондары өшіп жатыр.

Тағы бірнеше күн өтті. Ұлттық қауіпсіздік комитетінен үн жоқ. Оңбай алданып, қораға жаман кіргенін Асекең сонда түсінді.

Ақша да жоқ, бірнеше кредит арқалады.

Естеріңізде болсын, телефон арқылы бейтаныс адамдармен Асекең сияқты сөйлесіп кетуге болмайды!

Ондай қызметкердің аты-жөнін анықтап, сосын ол жұмыс істеймін деген органға хабарласып, сұрап-білу керек.

Бейтаныс нөмірлерді, оның ішінде шетелдік нөмірлерді бұғаттап тастаңыз.

Бөтен адамдарға жеке деректеріңізді, карта шоттарыңыздың реквизиттерін, оның ішінде CVV-кодты айтуға болмайды.

Аты-жөніңізді, картадағы ақпаратты, кодтар мен құпия сөздерді ешкімге айтпаңыз. Әйтпесе алаяқтар сіздің шотыңызды қолына алады.

Банктерден келетін растайтын СМС-кодтарды да өзіңізден басқа ешкім естімесін, алақтар сондай кодпен де бөтен адамның интернет-банкингіне кіріп алуы мүмкін.

Фото: immigrantinvest.com.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана