Біз соңғы отыз жылда әкімдердің имиджін әбден құрттық
Мәжіліс депутаты Анас БАҚҚОЖАЕВ шенеуніктердің беделінің түсіп кеткенін айтады.
Бұл туралы "Ұлт Ақпарат" ADAL_adam ютуб арнасына сілтеме жасап жазған екен.
"Шенеуніктердің имиджін көтере алмай келеміз. Мантияның жаман бір имиджі бар, шенеунік - демек ол оңбаған, ол осындай, ол жемқор деген жаман ой қалыптасқан. Ол ой неден туындайды? Себебі халық келіп, "дәл осы мәселені шеш" деп талап еткен кезде, ол бейшара шеше алмайды. Неге шеше алмайды? Батылдық алып, бірдеңені жасап қойса "құрысын ертең антикор келеді, анау келеді, мынау келеді" дейді де, "мен аулақпын" дейді.
Екінші, госзакупки дейді, оны күтеді. Бір апта жүреді, бір ай жүреді, сонымен халық оған сенбейді. Бұл түк шешпейтін әкім. Біз осылай соңғы отыз жылда әкімдердің имиджін әбден құрттық. Қазақта сөз бар, "жылан шаққан - ала жіптен қорқады" дейді. Шенеуніктер әбден үркіп қалған", - дейді Анас Баққожаев.
Фото: istockphoto.com.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР