Халық кредиттің арқасында күн көріп отыр

1395 просмотров
0
Ратель
Пятница, 24 Мая 2024, 13:00

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты мұны

Пайыз мөлшерінің жоғары болуы және жобаларды пысықтауға мән берілмеуі Қазақстандағы бизнеске несие берудің төмендеуіне әкеп соғуда, деп хабарлайды baq.kz.

Ал тұтынушылар несиесі төлемінің кешігуі жыл сайын көбейіп бара жатқаны халықтың жағдайы мәз емес екенін көрсетеді. Сенат төрағасы Мәулен ӘШІМБАЕВ халықтың жаппай несие алуға ұмтылуының проблемалары мен себептері туралы айтты.

- Біз көріп отырған маңызды көрсеткіш – тұтынушы несиесінің өсу қарқыны – 2,4%, бұл бизнеске несие берудің өсу қарқынынан – 0,8% жоғары. Үш есеге жақын. Осы сандар мен үрдіс біздің бизнестің дұрыс дамымай отырғанын көрсетеді. Ол тіпті негізгі қорларға инвестицияның төмендеуінен де көрініп тұр. Халықтың үсті-үстіне несие алғаны байқалып отыр. Бұл халық өмірінің жақсылығын емес, табысы аз және әл-ауқаты төмен екендігін көрсетеді. Бұл олардың тұтынушы несиесі арқылы күн көретінін байқатады. Ұдайы әлдебір "саңылауды" жауып жүреді. Тиісінше, олар одан кейін ол несиелерді өтей алмайды. Сондықтан бұл – кешенді мәселе және ертең өңдеу өнеркәсібі бойынша парламенттік тыңдауда осы мәселелерді ішінара көтереміз, - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасының пікірінше, қазір кәсіпкерлік сауаттылықты дамыту, халық арасында кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру және білім беру курстарын өткізу маңызды болып отыр.

Читайте также
Ешбір ел өз ұлдарын бұлай төмендетпейді

- Сенаттың тиісті комитеті осы және келесі сессия кезінде шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларына қайта оралуы, оларды тағы да талдауға тиіс. Бүгінде ірі өнеркәсіп компанияларының айналасында шағын және орта бизнес кластерін қаншалықты өркендетіп отырғанымызды, кәсіпкерлік рухты қай деңгейде дамытып жатқанымызды көруіміз керек. Бұл да маңызды міндет. Қытай кәсіпкерлік рухты үнемі дамытып отырды. Қазір ол өз нәтижесін беріп отыр. Бізге де бұл бағытта ауқымды жұмыс атқару керек. Сондықтан, Ұлттық Банктің, Агенттіктің (ескерту: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі), Ұлттық экономика министрлігінің және басқа да құрылымдардың қатысуымен кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес мәселелері туралы салмақты әңгіме болуы керек, - деді Мәулен Әшімбаев.

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң екі оқылымда қаралды. Заң банктік қарыздар мен микрокредиттер беру кезінде кредиторларға қойылатын талаптарды қатаңдату арқылы азаматтардың шамадан тыс несие алуын төмендетуді көздейді.

Фото: gov.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Азербайджан отверг сообщения о причастности к шпионскому делу бывшего главы разведки Германии
В Баку назвали публикации зарубежных СМИ дезинформацией и попыткой навредить отношениям с Берлином
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Протесты в Европе, атаки на аэропорты и танкер, разводы и скандалы
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай