Газадағы 76 қазақстандық елге қашан оралады

1292 просмотров
0
Ратель
Вторник, 07 Ноя 2023, 16:30

Израиль Сыртқы істер министрлігінің өкілі жауап берді

Читайте также
Бүгін аудандар мен қалалардың 45 әкімі сайланады

Израиль Сыртқы істер министрлігі Еуразия және Балқан мәселелері жөніндегі бас директорының орынбасары Симона ГАЛЬПЕРИН Газада қалған 76 қазақстандықтың аман-есен оралуы Мысыр билігі мен ХАМАС-тың әрекетіне байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

- Газада қалған қазақстандықтар да сондағы бірнеше мың шетелдік сияқты жағдайда. Біз Қазақстан тарапынан да өзге түрлі елдер сияқты сондағы азаматтарының тізімін алдық. Израиль тарапы олардың Газадан шығуына ешқандай қарсылығымыз жоқ. Керісінше қолдаймыз, мүмкін болғанша Газадан шығуына күш саламыз. Проблема қайда? Біріншіден, Мысыр арқылы шығу керек еді. Мысырлықтар шетелдіктердің Газадан өз шекарасы арқылы шығуына өткен аптада ғана рұқсат бере бастады. Үш апта бойы ондайға рұқсат берген жоқ. Қазір рұқсат бергенімен, күн сайын шығатын адам санын шектеп отыр. Әр күн сайын 500-600 адамнан аспай тұр. Газада шамамен 7 мың шетелдік болса, күн сайын 500 адам дегенде, бәрінің шығуы үшін 2 аптадай уақыт кетеуі мүмкін. Ол жақта кезек қалай құрылып, қалай шығарылып жатқанын білмеймін. Бірақ біз бүкіл тізімді бердік, - деді Израиль СІМ өкілі Таяу Шығыстағы аухал туралы брифингіде.

Сондай-ақ ол ХАМАС-тың шетелдіктерді де тірі қалқан ретінде ұстап отырғанын айтты.

Читайте также
СҚО-да биыл балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықтың 23 дерегі тіркелді

- Алдыңғы күні және кеше не болды? Бұлкүндері ХАМАС тұтқындағылардың шығуына рұқсат бермеді. Өздеріңіз білесіздер, ол жерде израильдіктер ғана емес, палестиндіктер де кепілдікте отыр. Енді сондағы шетелдіктерді жібергісі келмей отыр. Сондықтан Израиль тарапынан шектеу немесе проблема жоқ. Бізге әскери операция жүріп жатқан Газадан бейбіт азаматтар неғұрлым көбірек шығып, ХАМАС қана қалғаны керек, - деді Симона Гальперин.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, Газа секторында қазір Қазақстанның 76 азаматы бар. 

- Біздің деректеріміз бойынша Газа секторында Қазақстан Республикасының 76 азаматы бар. Отбасы мүшелерімен қоса есептегенде олардың саны – 161. Сонымен қатар шетелдік азаматтардың шығуына байланысты Мысыр және Израиль тарапынан белгілі талаптар бар. Олардың үштен бірі эвакуациялауға келмейді. Олар кәмелетке толғандар, ерлі-зайыптылар, - деді министрліктің ресми өкілі Айбек СМАДИЯРОВ министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, Газа секторындағы палестиналық радикалдар Израиль аумағына зымыран атқылап, Израильдің орталығы мен оңтүстігінде ерекше жағдай енгізілген еді. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Израиль әскері Газаны толығымен қоршап, екіге бөліп тастаған. 

Фото: Pixabay.

 

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Бензиновая афера на 37 миллиардов, новые правила для должников и тревожный сигнал из ООН
Главное за неделю: Раскрытие масштабной схемы контрабанды топлива, изменения в работе нотариусов, развитие Алатау и другие главные события недели
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай