Еліміздегі ең үлкен жылыжай 1 млн доллар шығынға ұшырауы мүмкін

1671 просмотров
0
Ратель
Суббота, 06 Янв 2024, 11:30

Вирус Израильде, Мексика мен Қытайда, кейіннен АҚШ пен Еуропа елдеріне тарап кетті

Екібастұздағы "Greenhouse Qaztomat" жылыжайынан өсімдік карантині мамандары Tobamovirus - қоңыр қатпарлы вирусын анықтады деп хабарлайды Kazinform.

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Шүйкенов қызанақтың құрамынан қоңыр қатпарлы вирус штамдары табылғанын растады.

Читайте также
Биыл қандай тақырыпта фильмдер түсіріледі

"Ол бойынша өткен жылдың желтоқсан айында жылыжай басшылығына алғашқы ұйғарымды жіберген едік. Кейін біздің мамандарымыз кәсіпорынның өсімдіктерінен тағы да сынама алған. Оның барлығын Астанадағы республикалық өсімдіктер карантині орталығына жөнелткенбіз. Қазір нәтижесін күтіп отырмыз. Егер зертхана вирустың таралғанын растаса, жылыжайдың әлгі гибридті қызанақтар егілген жерін толық құртуға тура келеді", - дейді инспектор.

Дейтұрғанмен, кәсіпорын басшылығы Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының ұйғарымымен келіскісі жоқ.

"Жылыжайда өсірілген қызанақтың жаңа сорты жуықта Нидерландыдан жеткізілген. Гибридті сорттың тұқымына тобама вирусқа қарсы вакцина егілген, сондықтан оның құрамында қоңыр қатпарлы вирустың штамдары болуы мүмкін", - дейді "Greenhouse Qaztomat" ЖШС-нің директоры Аңсат Жанатаев.

Шаруашылықтың иелігінде 30 гектар жылыжай кешені бар. Соның 20 гектарына жаңа гибрид егілген.

Егер жергілікті инспекцияның ұйғарымы орындалатын болса, жылыжайдың үштен екісі карантинге жабылып, кәсіпорын адам айтқысыз шығынға ұшырайды.

Тек жаңа сортты сатып алуға серіктестік 100 млн теңге жұмсаған.

Ал сатып алынған технология мен барлық шығындар есептелсе, еңбек ұйымы жалпы сомасы 1 млн АҚШ доллары көлемінде шығынға батады.

Бұл жағдай түптеп келгенде кәсіпорынды банкроттық жағдайға апаруы мүмкін деп есептейді экономистер.

Жылыжайда бүгінде 500-ден астам адам еңбек ететінін еске салайық.

Жылына 6-8 мың тонна өнім беретін шаруашылықтың қызанақтары еліміз бойынша Small және Magnum сияқты ірі сауда желілерінде тұрақты сатылады.

Читайте также
2024 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бюджет шығыстары 16%-дан артық өсті

Ал бұл сауда желілеріне бүгінде ресейлік ірі жылыжай кешендері көз салып отырғаны мәлім.

Жалпы екібастұздық жылыжайдағы көкөністер жасанды жарықтандыру арқылы голланд технологиясы бойынша қорғалған топырақта өседі.

Ал тұқым толықтай Нидерландтан, өсімдіктерді тозаңдандыруға арналған аралар Англиядан жеткізіліп отыр.

Тыңайтқыштар да шеттен сатып алынады. Тек өсіп шыққан өнім ғана отандық саналады. Бұл да жылыжай шаруашылығы үшін үлкен мәселе.

2015 жылы Иордания мемлекетінде алғаш тіркелген Tobamovirus (ToBRF) - қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы бүгінде әлемдегі жылыжай саласы үшін өте қауіпті болып тұрғаны анық.

Вирус Израильде, Мексика мен Қытайда, кейіннен АҚШ пен Еуропа елдеріне тарап кетті. Қызанақ пен бұршақ егетіндер үшін өте қауіпті.

Жоғары патогенді әрі ұзақ уақыт бойы тұқымдарда, өсімдіктерде өміршең болып қала береді.

Жылыжай алқаптарына түссе, бір аптаның ішінде өсімдіктерді тып-типыл етіп құртады.

ToBRF жаңа вирус түрі болғандықтан карантин мен өсімдік қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізіндегі ұйымының арнайы тізіміне алынған.

Соған орай Еуропа мен ТМД мемлекеттері одан сақтанудың, ел аумақтарында таралып кетуінің алдын алу іс-шараларын тұрақты жүргізіп келеді.

Өкінішке қарай бұл вирустың емі жоқ. Әлемдегі қызанақ өсірушілер вируске қарсы күш біріктіріп, небір препараттарды қолданып көрген. Нәтиже болмады.

Өсіп тұрған өсімдікке түссе, жапырағы өз бетімен сарғайып, кейін толық қурап өледі. Ғалымдар тіпті оның қоздырғышы 100 градус температурада ғана жойылатынын анықтаған.

Фото: Greenhouse Qaztomat жылыжайы.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
На «Евровидении» - 25 тысяч евро за ночь, скандал в парламенте Индии, филиппинская «война с наркотиками» и Путин на Итурупе
Главное в мире: обзор СМИ
Восемь лет с отсрочкой и запрет на журналистику - прокурор запросил наказание для Гульнары Бажкеновой
Гособвинение потребовало признать главного редактора Orda.kz виновной по всем статьям, но отсрочить исполнения наказания на два года
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай