Қазақстан гүлдерінің экспорты 2022 жылы 10,1% - ға өсіп, 2,7 млн АҚШ доллары болды
ҚР Сауда және интеграция министрлігінде 2022 жылы кесілген гүлдер мен бүршіктердің тауар айналымы 48,8 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 9,7% - ға жоғары (44,4 млн. АҚШ доллары).
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан гүлдерінің экспорты 2022 жылы 10,1% - ға өсіп, 2,7 млн АҚШ доллары болды.
Сондай-ақ, Қазақстан гүлдердің келесі түрлерін экспорттайды: раушан - 2,2 млн АҚШ долл. (үлесі 80,6%), гүл шоқтарын қалдыруға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 220,2 мың АҚШ долл. (8,2%), хризантема - 169,4 мың АҚШ долл. (6,3%), қалампыр – 111,8 мың АҚШ долл. (4,2%), лалагүлдер - 10,4 мың АҚШ долл. (0,4%), орхидеялар – 8,6 мың АҚШ долл. (0,3%), басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер – 760 АҚШ долл. (0,03%), ранункулдар - 331,2 АҚШ долл. (0,01%), гладиоли - 1 110 АҚШ долл. (0,004%).
Сондай-ақ, Қазақстанға гүл импорты 2022 жылы 9,7% - ға өсті (46,1 млн. АҚШ доллары).
Жалпы Қазақстан раушан гүлдерін импорттайды - 30 млн АҚШ долл. (65,2% үлесімен), хризантема - 6,2 млн АҚШ долл. (13,5%), гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 5,8 млн АҚШ долл. (12,6%), басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер - 1,4 млн АҚШ долл. (3,1%), лалагүлдер - 1,2 млн АҚШ долл. (2,7%), қалампыр - 1 млн АҚШ долл. (2,3%), орхидеялар – 241,3 мың АҚШ долл. (0,5%), ранункулдар - 79,2 мың АҚШ долл. (0,2%), гладиоли - 7,9 мың долл. АҚШ (0,02%).
Фото: budgettravel.by.