Финалдың жолдамасы сарапқа салынатын бәсеке Қазақстан уақытымен сағат 17.00-де басталады
Қазақстандық Елена Рыбакина бүгін Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалында әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнайды, деп хабарлайды Kazinform.
Финалдың жолдамасы сарапқа салынатын бәсеке Қазақстан уақытымен сағат 17.00-де басталады.
Бұл қос қарсыластың өзара алтыншы кездесуі болмақ. Әзірге есеп – 3:2, Елена Рыбакина алда. Бірақ биыл Доха жарысының финалында И.Швентек 7:6 (10:8), 6:2 есебімен ұтқан болатын.
Штутгарт додасына жеңімпазына қосымша "Порше" автокөлігі сыйға берілетіні белгілі.
Е.Рыбакина чемпион атанған жағдайда көлік жүргізу куәлігін алуға ықыласты екендігін жеткізді.
Екінші жартылай финалда әлемнің 8-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушова мен дүниежүзілік рейтингіде 27-орындағы украиналық Марта Костюк шеберлік таластырады.
Фото: ФТК.
ПОДЕЛИТЬСЯ СВОИМ МНЕНИЕМ И ОБСУДИТЬ СТАТЬЮ ВЫ МОЖЕТЕ НА НАШЕМ КАНАЛЕ В TELEGRAM!