Еңбек министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірге ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін әзірледі

885 просмотров
0
Ратель
Пятница, 09 Июн 2023, 13:30

Әдістемені заңнамалық тұрғыдан бекіту үшін Еңбекмині қазіргі уақытта Еңбек кодексіне түзетулер дайындап, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп Ең төменгі жалақы мөлшерін айқындау әдістемесінің жобасын дайындады. Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері медианалық жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай айқындалатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Президент Халықаралық валюта қорының басқарушы директорын қабылдады

Бұған дейін хабарланғандай, мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында динамикалық тәсілге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескеретін ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін енгізуді тапсырды. Осы тапсырманы орындау мақсатында Еңбекмині Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп халықаралық тәжірибеге талдау жүргізді, ол ЕТЖ белгілеу бойынша неғұрлым кең таралған үш тәсілдің бар екендігін көрсетті:

- бірыңғай ұлттық ЕТЖ (Франция, Германия, Испания);

- өңірлер, салалар және кәсіпорындар бойынша ЕТЖ сараланған мөлшері; (Финляндия, Жапония, Бельгия);

- әртүрлі санаттағы қызметкерлерге арналған ЕТЖ (Ұлыбритания, Дания).

Бүгінгі таңда ЕТЖ Халықаралық еңбек ұйымына (ХЕҰ) мүше елдердің 90%-дан астамында бар, ол оның мөлшерінің барабарлығын бағалау үшін Кейц индексін (заңмен белгіленген ЕТЖ медианалық жалақыға қатынасы) пайдалануды ұсынады. ХЕҰ ұсыныстарына сәйкес Кейц индексі 50% деңгейінде болуы керек. Бұл ретте әлемнің дамыған елдерінде ол шамамен 55%-ды, ал дамушы елдерде шамамен 67%-ды құрайды.

Қазақстанда ЕТЖ ең төменгі әлеуметтік стандарттарға жатады және жыл сайын "Республикалық бюджет туралы" заңмен белгіленеді. Ең төменгі жалақы қосымша төлемдер мен жәрдемақыларды, өтемақы мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақыларды және басқа ынталандырушы төлемдерді қамтымайды.

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі

2008 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде ЕТЖ мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінде белгіленді және жыл сайын инфляция деңгейіне индекстелді. 2019 жылы ЕТЖ мөлшерін 1,5 есе – 28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін арттыру жүргізілді. Биыл ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген ЕТЖ-ны арттыру медианалық жалақының шамасын есепке алмай жүргізілді.

Халықаралық тәжірибені, сондай-ақ ел экономикасы құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, Еңбекмині Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп, медианалық жалақы мен еңбек өнімділігінің арақатынасын ескеретін ЕТЖ анықтау әдістемесінің жобасы әзірленді. Бұл жұмыскерлердің табыстары мен өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі арасында нақты өзара байланыс орнатуға, сондай-ақ ЕТЖ мөлшерін ХЕҰ ұсынымына жақындатуға мүмкіндік береді.

"ЕТЖ мөлшерін анықтау үшін медианалық жалақы мен еңбек өнімділігін пайдалану жеткіліктілік пен төлем қабілеттілігі негізінде теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жеткіліктілік – бұл қызметкерлерді олардың еңбегі үшін әділ және барабар табыспен қамтамасыз ету. Төлем қабілеттілігі – бұл жұмыс берушілердің өз еңбек шығындарын кәсіпорынның қызметкерлерін жалдауы мен бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етпейтін деңгейде ұстап тұру мүмкіндігі", – деп түсіндірді Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Данат Нәбиев.

Читайте также
Мүмкіндігі шектеулі баланы ұшаққа мінгізбеген : "SCAT" компаниясына қатысты іс қозғалды

ЕТЖ деңгейі ұсынылған тәсілге сәйкес айқындалатын болады және құрамына ҚР Үкіметінің, республикалық кәсіподақтар бірлестіктерінің, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және сараптамалық қоғамдастықтың өкілетті өкілдері кіретін әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның қарауына енгізіледі.

ЕХӘҚМ мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жұмысының нәтижелері мүдделі мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестер өкілдерінің, сондай-ақ еңбекақы төлеу саласындағы сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстелдер шеңберінде ұсынылды және егжей-тегжейлі талқыланды және көпшілік қолдады.

Әдістемені заңнамалық тұрғыдан бекіту үшін Еңбекмині қазіргі уақытта Еңбек кодексіне түзетулер дайындап, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберді.

Фото: © Ratel.kz / Сергей Перхальский.

Оставьте комментарий

Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Серик Буркитбаев: Вода - это суверенитет
Почему идея поворота сибирских рек опасна для Казахстана и какой водный сценарий эксперт считает стратегически верным
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
«КазМунайГаз»: Jet A-1 используется в странах с суровым климатом
В начале декабря «КазМунайГаз» заявил, что аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
«КазМунайГаз»: Jet A-1 используется в странах с суровым климатом
В начале декабря «КазМунайГаз» заявил, что аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером