Димаш Құдайберген Сербияда "Ағайынды Карич қоры" сыйлығын алды

1288 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 04 Дек 2023, 13:00

Марапаттау рәсімі Серб мәдениеті мен дәстүрін айқындайтын мәдени мұра – Белградтағы Ұлттық театрда өтті

Читайте также
Саясаттанушы: президент институтының қазіргі құзыреттері суперпрезиденттік жүйеге жеткізбей ме

3 желтоқсанда Сербияның Белград қаласында "Ағайынды Карич қоры" сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazinform әншінің dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

1979 жылы елдің ғылыми-технологиялық және шығармашылық әлеуетін қолдау және ілгерілету, жұртшылықты әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру институты ретінде құрылған қор 26-шы рет көрнекті шетелдік тұлғаларға сыйлық табыс етті.

"Ағайынды Карич қоры" сыйлығына бұрын әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және өнер қайраткерлері ие болған. Әр жылдары физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Ж. АЛФЕРОВ, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты П. ХАНДКЕ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. НАЗАРБАЕВ, кинорежиссер Э. КУСТУРИЦА, теннисші Н. ДЖОКОВИЧ, актер С. СИГАЛ, Түрксойдың бұрынғы бас хатшысы Д. ҚАСЕЙІНОВ осы марапатты алған.

Биыл сыйлыққа ұсынылған ерекше тұлғалар арасында Қазақстанның дарынды әртісі Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН де марапатқа ие болды.

Қор директорлар кеңесінің пікірінше, Димаштың айрықша вокалдық өнері, оның классикалық және заманауи стильде орындау қабілеті, кез келген нотаны орындау мүмкіндіктері әртісті Қазақстан мәдениетінің жарқын өкілі, өз ісінің табысты маманы ретінде атап өтуге мүмкіндік береді.

"Біздің директорлар кеңесі осындай маңызды әртіс осы жолдағы таланттардың алтын сериясының жалғасы болуға лайық екендігімен бірауыздан келіседі, бұл біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайтады", – деп атап өтті Сербиядағы Қазақстан Республикасының құрметті консулы, ағайынды Карич қорының негізін қалаушы Миланка КАРИЧ.

Марапаттау рәсімі Серб мәдениеті мен дәстүрін айқындайтын мәдени мұра – Белградтағы Ұлттық театрда өтті.

Ұлттық театр сахнасында Димаш қазақтың халық әні "Самалтау" және Игорь КРУТОЙДЫҢ "Mademoiselle Hyde" әндерін шырқаған.

Димаш ағайынды Карич қорының құрылтайшылары мен директорлар кеңесіне марапатқа лайық деп танығаны үшін алғысын білдірді, өнер саласындағы халықаралық жобалардың елдер арасындағы достық пен өзара дамуды қолдау мүмкіндіктері ретіндегі маңызды рөлін атап өтті. 

Фото: instagram/kudaibergenov.dimash.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Бензиновая афера на 37 миллиардов, новые правила для должников и тревожный сигнал из ООН
Главное за неделю: Раскрытие масштабной схемы контрабанды топлива, изменения в работе нотариусов, развитие Алатау и другие главные события недели
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай