Былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын
"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман ЖҰМАГЕЛДИЕВТІҢ қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін дейін ұзартылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
"Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды",- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
Кейін ҚР Бас прокуратурасы "Дикий Арманың" Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.
Фото: видеодан алынған кадр.