Жекпе-жек жақын арада өтсе, жеңіс "Канелоға" беріледі
Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Тимоти Брэдли қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) алдағы үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz cайтына сілтеме жасап.
"Головкиннің "Канелоны" жеңу мүмкіндігі өте жоғары. Бірақ ол жақын қашықтықтағы жекпе-жекте мүмкін болмайды. Мәселе, міне, осында. Жекпе-жек жақын арада өтсе, жеңіс "Канелоға" беріледі. Егер Головкин қозғалып, "Канелоға" оны қысып, арқанға қадауына мүмкіндік бермесе, онда оның жеңіске жету мүмкіндігі өте жоғары. Сондай-ақ Головкин өз джебін пайдаланып, Канелоны қашықтықта ұстаса, жекпе-жекті өз пайдасына аяқтай алады", - деді Брэдли.
Фото: sportingnews.com.