Бас прокуратура Владислав Челахтың хаты жөнінде пікір білдірді

3590 просмотров
0
Ратель
Среда, 21 Дек 2022, 17:30

Бұған дейін әлеуметтік желіде Владислав Челахтың Мемлекет басшысына хат жазғаны, Арқанкергенде шын мәнінде не болғанын айтуға дайын екені хабарланған еді

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Владислав Челахтың президентке жазған хаты туралы тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
ҚазМұнайГаз 2023 жылдың қаңтарында Германияға мұнай жөнелту мүмкіндігін қарастырып жатыр

Бұған дейін әлеуметтік желіде Владислав Челахтың Мемлекет басшысына хат жазғаны, Арқанкергенде шын мәнінде не болғанын айтуға дайын екені хабарланған еді.

"Өкінішке қарай, қазір менде Владислав Челахтың бізге жүгінгені туралы ақпарат жоқ. Сондықтан дәл қазір пікір айта алмаймын. Бірақ осылай жүгінгеін болса, оны пысықтап, тиісті жауап береміз", - деді Ж. Өмірәлиев Мәжіліс кулуарында тілші сұрағына.

Еске сала кетсек, 2012 жылы мамырдың 27-сінен 28-іне қараған түні Алматы облысының "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 шекарашы және бір қорықшы қаза тапты.

Аман қалған он бесінші сарбаз Владислав Челах шекара бекетінен 20 шақырым жерде орналасқан қыстаудан табылды.

Тергеу жұмысы барысында В. Челах басты күдікті ретінде қарастырылып, қамауға алынды.

Оған тергеуші тоғыз бап бойынша айып тақты, соның ішінде "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру", "Жеке заттарды ұрлау", "Құпия құжаттарды ұрлау", "Қаруды ұрлау", "Қаруды заңсыз ұстау", "Әскери мүлікті бүлдіру", "Әскери қызметтен қашу", және "Бөтен біреудің баспанасына заңсыз кіру" баптары бар.

Соңында В.Челах қызметтестерін өлтіргенін мойындап, өмір бойына бас бостандығынан айрылды және Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" түрмесіне жіберілді.

2019 жылы В. Челах бас бостандығынан айыру жазасын алып тастауды, құқығы бұзылғаны үшін 30 млн теңге моральдық шығын өтеуді және істі қайта қарауды сұраған еді.

ҚР Жоғарғы соты бұл шағымды қанағаттандырмады.

Фото: asker.kz.

 

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
Эбола, землетрясения, войны мотоциклы Нигерии
Главное в мире: обзор СМИ
Суд постановил принудительно доставить Гульнару Бажкенову на заседание после очередной неявки
Бажкенова размещалась в частной клинике, в VIP-палате почти за 100 тысяч тенге
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай