Соттың санкциясымен ол қамауға алынды
Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жалтаруға әрекет етті. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды Kazinform.
- Бекетаевқа қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық қудалау жүргізіліп жатыр. Соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Қамауға алу себебі – ол құқық қорғау органдарынан жалтаруға әрекет еткен жерінен ұсталды, - деді Ә.Шындалиев Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.
Фото: bizmedia.kz.