Бұл туралы ол Құрбан айт мерекесін қорытындылау жиынында мәлімдеді.
"Құрметті бас имамдар! Біз осымен тоқтап қалмай, жұмысымызды одан әрі жетілдіруіміз керек. Алдағы Құрбан айт мерекелерінде мал сою жағынан қиындықтар туындамауы үшін ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапханалар болуы керек деген шешімге келдім", - деді бас мүфти.
ҚМДБ төрағасы 2022 жылдың соңына дейін әр қалада жаңадан салынатын қасапханаға арналған жер мәселесін шешуді және "Уақып қоры" мен "Халал даму" мекемелеріне еліміз бойынша халал стандарттарына сай келетін қасапхананың ортақ жобасын дайындап шығуды тапсырды.
Биыл елімізде Құрбан айт мейрамы 9-11 шілде аралығында тойланды. Қазақстандықтарға құрбан шалу рәсімін офлайн да, онлайн да өткізуге рұқсат берілді.
Фото: tirshilik-tynysy.kz.