Ресейге тасуға тыйым салынған тауарды Ресейге тасыған ғой
Қазақстандық тағы бір компания АҚШ санкциясына ұшырады. "КБР-Технологии" компаниясы Ресейге жоғары технологиялық өнім мен дрон жасауға керек жабдық жеткізген, деп жазады kursiv.media.
АҚШ Ресей мен оған санкцияларды айналып өтуге көмектескен 300 жеке тұлға мен компанияға қарсы санкция салды. АҚШ Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, компания Fabcenter, Ostec-Arttool Ltd, Ostec-SMT Ltd және Ostec-Integra Ltd компанияларына өнім жеткізіп отырған.
"КБР-Технологии" компаниясының негізін Петропавл қаласында 2022 жылы ресейлік Евгений КОСТЮК қалаған. Ол ресейлік Ostec Group компаниясында жұмыс істеген. Бұл компания ресейлік әскери-өнеркәсіп кешенін жабдықтармен қамтамасыз етіп отыр.
Құжатта Ресей әскери техникасын қолдау және соғысты жалғастыруға қажет ресурстарды алу ету үшін күрделі трансұлттық жеткізу тізбегін қолданатыны атап өтілген.
Аталмыш компания – 2024 жылдың ақпанында Власть басылымының қатысуымен жарияланған зеттеудің бас кейіпкерлерінің бірі. Онда журналистер қазақстандық компанияның Еуропадан жоғары технологиялық құрал-жабдықтарға тапсырыс беріп, Беларуське уақытша сақтау үшін жеткізіп, артынан ресейлік әскери мердігерлерге жеткізгенін анықтады. Бұл схема бойынша олар $5,9 млн болатын санкцияға ұшыраған тауар алған.
Биыл мамыр компания иесін ауыстырды. Оны 2022 жылдан бері басқарған Жанат ИБРАЕВТЫҢ орнына оның жаңа басшысы болып Диас ТҰҒЫНБАЕВ тағайындалған. Биыл компания 58,4 миллион теңге салық төлеген. Egov сервисінде компанияның жалғыз құрылтайшысы Диас Тұғынбаев деп көрсетілген.
Былтыр жазда атын өзгертіп, Қазақстанда қайта тіркелген ресейлік компания АҚШ санкциясына іліккен болатын.
Бұған дейін Қазақстандық TOO Elem Group Еуропалық Одақтың санкциясына іліккен. Былтыр 19 қазанда Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат ТӨРЕБАЕВ Сенат кулуарында Қазақстан Ресейге 106 тауар экспортын шектегенін мәлімдеді. Олардың арасында дрон мен чиптер де болған.
Фото: Global Look Press / Alexey Bychkov.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!