Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстаннан елге оралды

1439 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 16 Окт 2023, 12:00

Жер сілкінісі аймағынан оралған құтқарушыларды әуежайда әріптестері, туыстары мен жақындары қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ тапсырмасымен жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға барған Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары елге оралды, деп хабарлайды Кazinform.

Гуманитарлық миссияны орындау үшін жалпы 45 адам, оның ішінде ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері жіберілген болатын.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті төрағасының міндетін атқарушы, генерал-майор Ұларбек ӘБІКЕЕВТІҢ басшылығымен қазақстандық құтқарушылар жасағы қойылған міндеттерді абыроймен орындады.

Жер сілкінісі аймағынан оралған құтқарушыларды әуежайда әріптестері, туыстары мен жақындары қарсы алды.

Сонымен қатар Lider.kz қозғалысының волонтерлері құтқарушыларды кезекті рет қарсы алды. Олар Чарли, Джейкоб пен Евро атты құтқарушы иттерге медальдар дайындап қойған.

Гуманитарлық миссияға қатысушыларды ҚР ТЖ вице-министрі йор Ерлан НҰРПЕЙІСОВ құттықтап, халықаралық құтқару операциялары біздің мамандарға кәсіби біліктілігін арттыруға және әртүрлі жағдайларда жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге көмектесетінін атап өтті.

Ауғанстандағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жергілікті 83 тұрғынға медициналық көмек көрсетіп, 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді, Наиброфи елді мекенінде қираған 700 үйдің учаскесін тексерді. Үйінді арасынан 1 баланың денесін тауып, алып шықты. Қатты шаңды дауылдан зардап шеккен 9 шатырлы қалашықтың орналасу орындарында тексеру жүргізілді. Қазақстандық құтқарушылар Сияхан елді мекенінде толығымен қираған үйлердің астын да тексеріп, Чолк елді мекенінде үйінділерді бөлшектеу жұмыстарын жүргізді.

Құтқарушыларымыз елге оралар алдында Ауған билігі қазақстандықтарға жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Читайте также
Мен сияқты қанша адам бар: әлдебіреулер тегін ақпаратты TikTok-та ақшаға сатып жүр

"Біз Қазақстанның қиын сәтте көрсеткен көмегін ұмытпаймыз", – деді Ауғанстан мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Мохаджер САХИБ.

Еске салайық, 10 қазанда Қазақстанның 45 құтқарушысы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға аттанған болатын. Алғашқы тәулік ішінде 76 учаскедегі үйінді бөлшектелді. Кейін құтқарушылар үйінділер астынан 5-6 жасар баланың мәйітін алып шықты.

Сондай-ақ 11 қазан күні Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмектің алғашқы легі тиелген арнайы ұшақ Ауғанстанның Герат әуежайына жетті. Бұл туралы оқиға орнынан Кazinform тілшісі Есімжан НАҚТЫБАЙ хабарлады.

7 қазан күні Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында 6,3 балдық жер сілкінісінен 2053 адам қаза тауып, 9 мыңнан астам адам жарақат алды.

Кеше, 15 қазан күні Герат провинциясында 6,3 магнитудасымен тағы да зілзала болды.

Фото: ҚР ТЖМ.

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Ледники Центральной Азии потеряли 26 млрд тонн льда в 2025 году
Как сокращение ледников Тянь-Шаня и Памира влияет на водные ресурсы Казахстана и соседних стран
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Протесты в Европе, атаки на аэропорты и танкер, разводы и скандалы
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай