Қазақстандық "Шағала" ұшқышсыз ұшу аппаратының кезекті сынағы сәтті өтті

2114 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 16 Мая 2021, 11:00

Барлау авиациялық кешенінің ұшу қашықтығы – 30 шақырымды, барынша жылдамдығы – 110 км/сағ, теңіз деңгейінде ең биік ұшуы – 3500 метрді құрайды

Читайте также
Глава Минобороны: казахстанская армия нуждается в инновациях

Нұр-Сұлтан қаласының маңында отандық өнім "Шағала" барлау ұшқышсыз ұшу авиациялық кешенінің далалық сынақтары өтті, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі деп хабарлады.

Аталған құрылғыны Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары әзірледі. 

Қазіргі уақытта бұл аппарат сынақтардың соңғы сатысынан өткізілуде. Ол түрлі ауа райы мен әркелкі жер жағдайларында бірнеше рет сыналып, жақсы нәтиже көрсетті. 

– "Шағала" ұшу аппаратынан, жер үсті сегментінен тұрады және соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған жүйе. Бұл қазақстандық әскери ғалымдар толық шығарған алғашқы жоғары технологиялық өнім. Жеке бағдарламалық жасақтамасы – оның басты ерекшелігі болып табылады. Аппараттың бірнеше қорғаныс деңгейі бар. Бұл біз дайындаған өнім, – деп атап өтті Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан ҚАМАЛЕТДИНОВ. 

Читайте также
Минобороны РК: почему разбился истребитель Су-30СМ

Ұшқышсыз ұшу аппараты бағыт бойынша ұшуда, жердегі объектілерден ақпарат алып, оны операторға жеткізеді. Барлау авиациялық кешенінің ұшу қашықтығы – 30 шақырымды, барынша жылдамдығы – 110 км/сағ, теңіз деңгейінде ең биік ұшуы – 3500 метрді құрайды. Әуеде екі сағат болып, жел секундына 14 метрге дейін күшейген кезде беріктігін сақтайды. Бұл құрылғы отандық бағдарламалық-аппараттық байланыс арнасымен, сонымен қатар криптографикалық хаттамамен жабдықталған. 

"Шағала" ұшқышсыз ұшу құрылғысы техникалық сипаттамасы жағынан шетелдік құрылғылардан кем түспейді, сонымен қоса оның бағасы шетелдік үлгілерден айтарлықтай төмен. 

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ сынақты бақылады. Ол "Шағаланың" қазіргі таңда Қазақстанда әскерлердің оқу-жаттығу кезінде пайдаланатын барлау-ату және барлау-соққы беру кешеніне айналатын элементтердің бірі болуы мүмкін екенін атап өтті.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Страховые компании в Казахстане будут работать по новым законам