Бахрейнде өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық зілтеміршілердің жетістігі жалғасып жатыр
Қазақстандық ауыр атлет Асылжан БЕКТАЙ Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол 89 келіге дейінгі салмақта үздік болды. Асылжан Бектай барлығы 362 (165+197) келі көтерді.
Екінші орында Эмиль МОЛДОДОСОВ (Қырғызстан) – 361 (166+195) келі. Масуд ЧАТРАИ (Иран) 358 (162+196) келімен үшінші болды.
81 келі салмақта қола жүлдеге ие болған Айша ОМАРОВА ұлттық құрамаға тағы бір медаль әкелді. Биатлонның қорытындысы бойынша Омарованың көрсеткіші - 217 (93+124) келі.
Бірінші орын Сейедхалхам ХОССЕЙНИГЕ (Иран) бұйырды – 227 (102+125) келі. Мотока НАКАДЗИМА (Жапония) 223 (100+123) келімен үшінші болды.
Бахрейндегі әлем чемпионаты 16 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан атынан 18 спортшы қатысып жатыр.