Қазақстанда адамдар жұмысқа орналасқаны үшін сотталып жатыр

2217 просмотров
0
Дмитрий МАТВЕЕВ
Вторник, 12 Ноя 2024, 18:00

Пара беруден басқа амал қалмаса қайтсін енді

Мұғалжар аудандық сотының үкімінде айтылғандай, өткен жылы қазан айының басында теміржол көлігі саласында орта-техникалық білімі бар Ембі қаласында тұратын Серік ТІШБАЕВ жұмыссыз жүрген. Содан біраз қиналып кетсе керек, Жем локомотив депосының "Батыс" филиалына қарасты "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-інде тепловоз машинисінің көмекшісі болып жұмыс істейтін досы Бауыржан МАХАНБЕТОВТЕН "жұмысқа орналасуыма көмектес" деп сұраған.

Читайте также
Парақор әке мен оның шенеунік қызы оңбай опық жеді

ҚТЖ-ға қарасты ЖШС-терге пара бермей жұмысқа кіру мүмкін емес екенін Қазақстанда бәрі біледі. Тішбаев ақша төлеуге дайын еді, бірақ оны кімге беру керегін білмеген. Маханбетов көп ойланбай, Тішбаевқа депоның кадр бөлімінің менеджері Даир САРҚҰЛОВ арқылы көмектесуге келіскен. Ол машинист қызметіне орналасу үшін Жем локомотив депосының бастығы Дәулетқали ЖАЛМҰХАМБЕТОВКЕ 1 миллион 500 мың теңге беру керегін айтқан.

Тішбаевтың әйелі Жалмұхамбетовке пара беру үшін банктен несие алған. Сұраған параны берген соң Тішбаев машинист болып жұмысқа қабылданды.

Үкімде айтылғандай, "шарасыз Тішбаев депоға жұмысқа тұру үшін пара беруден басқа амал жоқтығын біліп, Жалмұхамбетовтің заңсыз ұсынысын қабылдап, пара берейін деп шешім қабылдаған. Себебі пара бермесе, конкурстық комиссиядан өте алмайтынын түсінген".

Тішбаев жаңа жұмысында небәрі бір жарым ай ғана істеген. Одан соң Антикордың тергеуіне шақырылған. Сотта айыпталушылардың бәрі өз кінәсін толық мойындады. Жалмұхамбетов "жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінбеген соң алған параны депо ғимаратын жөндеуге жұмсадым" деп шықты.

Сот Жалмұхамбетовті пара алғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды, ал Сарқұлов делдалдығы үшін бір жарым жылға сотталды. Маханбетов пен Тішбаев пара бергені үш жылдан жаза алды.

Фото: © Ratel.kz / Айдын Олжаев.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Следствие по делу Bek Air: эксперты без лицензий и конфликты интересов?
Адвокаты указывают на нарушения и сомнительные экспертизы в расследовании авиакатастрофы
Комсомольское прошлое и настоящее
Почему обречен на забвение мемориал близ Алматы
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Трехлетний бюджет: Казахстан входит в 2026 год с кучей нерешенных проблем
Экономику держат на плаву за счет новых заимствований и старых схем
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Сырьевая модель отечественной экономики дает сбой
Казахстан экспортирует меньше, а потребляет больше
Куантай Абдимади: Мужчина имеет право быть слабым
Актер о страхах, ролях и жизни между аулом и большим экраном
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента