Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сапар барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп күтілуде.
Сонымен қатар С. Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады.
Фото: t.me/KZgovernment.