Қазақстан бір жылда 435,4 мың шетелдікке ЖСН берген

1890 просмотров
0
Ратель
Вторник, 04 Фев 2025, 14:00

Биыл 902 570 шетелдік елімізден кетті

Қазақстан былтыр 435 408 адамға ұялы байланыс операторына тіркеліп, банк картасы мен шотын ашуға мүмкіндік беретін жеке сәйкестендіру нөмірін берген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Kazinform агенттігінің сауалына жолдаған жауапта айтылған.

- 2024 жылдың 12 айында елімізге 15 294 699 шетелдік келді. Оның ішінде 5 860 195 Өзбекстан, 3 271 654 Ресей, 962 583 Тәжікстан, 3 335 475 Қырғызстан азаматы кірді, - деп жазылған ресми мәліметте.

Читайте также
Азат Перуашев енді “штрафстан” деген сөзді айтпайды

Министрлік мәліметінен осы 15 млн шетелдік үшін Қазақстан транзиттік аумақ болғанын көруге болады. Өйткені, ел аумағына бір жылда кірген адамның тек 41 851-і ғана тұрақтап қалған.

- Осы кезеңде 15 252 848 шетелдік шықты. Оның ішінде – 5 820 299 Өзбекстан, 3 301 001 Ресей, 960 926 Тәжікстан, 3 329 523 Қырғызстан азаматы шықты. 2024 жылы елге келген шетелдіктерге 435 408 ЖСН рәсімделді. Жалпы ҚР келген барлық шетел азаматтарының болу мерзімі 30 күн, - делінген жауапта.

Бұл мәліметтен Қазақстан аумағына тек ЖСН рәсімдеу үшін ғана кіретін шетелдіктердің көп болғанын байқауға болады.

Жалпы елімізде Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан азаматтары уақытша есепке тұрмай 90 күн бола алады, Өзбекстан азаматтарының болу мерзімі – 30 күн.

ІІМ ақпаратына сүйенсек, 2025 жылдың басынан қаңтар айының аяғына дейін елімізге 925 152 шетелдік келген. Оның ішінде 177 892 Ресей, 367 228 Өзбекстан, 46 037 Тәжікстан, 222 712 Қырғызстан азаматы бар.

- Биыл 902 570 шетелдік елімізден кетті. Оның ішінде 212 795 Ресей, 314 388 Өзбекстан, 45 113 Тәжікстан, 218 565 Қырғызстан азаматы бар. 2025 жылы елімізге келген 27 186 шетелдікке ЖСН рәсімделді, - деп жазады министрлік мамандары.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд