Қазақша білу қиын ба

3075 просмотров
0
Ратель
Пятница, 21 Фев 2025, 13:30

Қазақстанда неге қазақша сөйлеу азайып барады

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте!

Өзге тілдің бәрін біл –

Өз тіліңді құрметте!

Ақын Қадыр МЫРЗА ӘЛІНІҢ осы бір шумағын қазір кішкентай бала да жатқа біледі. Өйткені тіл мәселесі қазақ үшін өзекті, деп хабарлайды 24.kz.

Ауыл елі қазақылықтан алыстай қоймағанмен, қаладағы көп жұрттың тілі дүбара. Оның үстіне урбандалу үдерісі де қарқын алып келеді. Ауылда адам азайған сайын қазақшамыз да күлбілтене түсе ме деген уайым көп.

Ендігі барымыз осы қасиетті ана тілімізді қалай сақтап қалуға болады? Талай ел мезгіл өткен сайын тілін, одан әрі өзін жоғалтып жатыр. Біз қайтеміз? Бұдан шығар жол қандай?

2023 жылы елдегі қазақ тілін білетін халықтың үлесі 92 пайыздан 81 пайызға дейін төмендеген. Бұл Ғылым және жоғары білім министірлігі Тіл саясаты комитеті жүргізген әлеуметтік зерттеудің қортындысы. Қаладағы қазақтың тіл кемшіндігін дәлелдеу үшін мысал іздеп қажеті жоқ.

Сырт көзге де анық көрінеді.

Читайте также
Ринат Зайытов: Наурызда бұрынғы уақыт белдеуі оралады

Жоел АДАМСОН, Американың бизнес консалтинг қызметкері:

- Қазақстанда көп адамдар қазақша біраз сөз біледі. Бірақ терең, шын жұмыс істеу үшін 10 мыңдай сөз білу керек. Жазу керек, білу керек, оқу керек. Бірақ көп қазақтарда ондай сөздік қоры жоқ. Тек қана көшеде “Саламатсыз ба” деген сөзді ғана біледі.

Тілдің жетімсіреуіне себеп көп. Қазақша контент аз. Кезінде өзге тілде оқыған ата-ана баласына сөз үйрете алмайды. Әйтеуір сылтау көп. Сосын тағы бір себеп былтыр 370 мыңға жуық сәби дүниеге келсе, оның 9 пайызы этносаралық отбасында өмір есігін ашқан. Яғни 31 мың бүлдіршіннің ата-анасы әр түрлі ұлт өкілдері. Қатарда қазақтың қаракөздері де бар.

Аманжол ҚАЛЫШ, этнограф:

- Ұлт аралас неке біздің мемлекетке ең күрделі болып отырғаны – екінші ұрпақ. Олар өзін кім болып сезінеді? Қазақ болып сезіне ме, басқа неге нетіп отыр ма? Біздің тілімізді біле ме? білмей ме?

Сөйтіп, елдегі әр оныншы сәби аралас некеден туады. Жыл сайын шамамен 120 жұп шаңырақ көтерсе, оның 17 пайызы этносаралық отбасы. Елдегі Естайлар өзге ұлттың Қорландарына қосылып, Қыз Жібектер шетелдік Төлегендерге тұрмысқа шығуды жиілеткен. Сосын елде өмір бойы тұрып келе жатқан өзге жұрт тұрмақ, өзіміздің қаракөздердің көбі тілге шорқақ.

Жоел Адамсон, Американың бизнес консалтинг қызметкері:

- Көп жиналыста боламын және осы жиналыста мүмкін 40-тай адам болады, бәрі қазақтар, бірақ жиналыста орыс тілінде жүргізеді. Сол не үшін ол жағдай болып тұр?

Читайте также
Сарыөзек тұрғыны экс-әкімді “шетелдіктерге жер сатты” деп айыптады

Аманжол Қалыш, этнограф:

- Енді біздің мемлекеттік тілді қазақстандық азаматтардың бәрі білу керек, мысалы. Мысалы, басқа мынандай мемлекеттерде, бізбен көршілес Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан мұндай тіл секілді бақса мәселелер жоқ. Олар мемлекеттік тілді бәрі меңгереді.

Үлкендердің тіл үйренуге қолы тимейді. Ал кішкентайларға не жорық? Не болса да тілді балаға мектеп қабырғасында үйрету керек екені анық. Бірақ елдегі 7964 мектептің 4032-сі ғана қазақша. 2143-і аралас, 999-ы орыс, бесеуі ұйғыр, алтауы ағылшын тілінде сабақ береді. Ал өзге тілде сабақ оқып жүрген оқушылар қазақша біледі деуге келмейді.

Жоел Адамсон, шетел азаматы:

- Мысалы, Америкада бәрі ағылшын тілін білуі керек. Жыл сайын балаларды тексереді, деңгейі жетпесе келесі сыныпқа өтпейді. Әрі қарай оқуға болмайды. Себебі балалар мектеп бітіргеннен кейін ағылшын тілінде жұмыс істеуі керек.

Үкіметке де өкпе жоқ. Осы тілге деп қыруар қаржы бөліп келеді. Түрлі бағдарламаларды жүзеге асырды. Ендігі бір үміт: келер жылдан бастап мемлекеттік тілдегі телерадиобағдарламалардың үлесі 55, 2027 жылдан бастап 60 пайыздан кем болмауға тиіс. Бұдан бөлек, халықтың тілге деген құрметі артса аралас мектептер де азаяды деген сенім де жоқ емес.

Дереккөз: 24.kz.

Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Аружан Серікқызы.

Фото: dzen.ru.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

министр культуры и информации РК:
- Мы же с вами живем не ради рейтингов. Я это хочу подчеркнуть.
По делу о коррупции в фонде «Самрук-Казына» задержали топ-менеджера Казатомпрома
Казатомпром сотрудничает со следствием
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Кто контролирует жизнь человека за дверями частного рехаба
В Казахстане обсуждают новые правила для частных реабилитационных центров: право человека свободно уйти, конфиденциально пожаловаться и возможность проверок без предупреждения
Посол Израиля Йоав Быстрицкий о новых проектах с Казахстаном: разговор на творческом вечере Владимира Фридмана
Израильский актёр театра и кино представил в Алматы программу «Про ту и эту жизнь…», а посол рассказал о перспективах сотрудничества двух стран в экономике, медицине и культуре
Когда исчезает знание: что художники Центральной Азии искали в кыргызском Кадамжае
Экспедиция Tamyr Central Asia Art Lab началась с истории почти исчезнувшей профессии и превратилась в исследование памяти, мифа и художественного опыта
От Каспия до алгоритмов: что московский саммит ОДКБ меняет для Казахстана
Расширение повестки ОДКБ ставит перед Астаной прагматичный вопрос - какие механизмы организации реально работают на национальные интересы
Казахский язык в глобальной стратегии средней державы
Как мягкая сила, цифровые технологии и культурное продвижение получают новое место в государственной политике
«Исполнено», а ответа нет. Как госорганы закрывают жалобы, и кто за это отвечает
Адвокат Асқат Сулубек о жалобах без ответа, практике их перенаправления и персональной ответственности чиновников
Шынайы құрмет пен жасанды «көкірек»
Аз ғана билікке қолы жетсе, эмпатиядан жұрдай болып, «көкірегін» қағатын адамдардың психологиялық сыры
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Казахстан между модернизацией и новым этапом развития
Политолог Равшан Назаров — о суверенитете, инфраструктурной модернизации, искусственном интеллекте и значении казахстанских реформ для Центральной Азии
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай