Қазақ спортына діни радикализм еніп кеткен бе

1578 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 18 Авг 2024, 16:30

Биыл өткен Париж Олимпиадасы көптің талқысына түскен ерекше оқиғаларымен есте қалды

Соның бірі – қазақстандық кейбір спортшылардың діни көзқарасы. Қоғам әлеуметтік желіде спортшылардың өз жеңілісі мен жеңісіне қатысты айтқан пікірлерін сынның астына алып жатты. Тіпті, жеңілістің кесірін спортшының сақал қойғанынан көріп жатқандар болды. Әрине, елімізде кімнің болса да өзгенің таңдау еркіне, дүниетанымы мен көзқарасына тіл тигізуге хақы жоқ. Дегенмен бұл тұста "спортшылардың діни көзқарасы бабына кедергі келтіре ме?" деген сауал туындайды. Kazinform тілшісі осы тақырыптың жай-жапсарына үңіліп көрді.

Қалыпты діндар ма, радикал ма?

Читайте также
Ауызашар беру концертке айналып бара жатыр - Нұрлан имам

Ең әуелі, біз де әлдекімнің діни ұстанымына қарсы шығуды құптамайтынымызды ескерткіміз келеді. Тақырыптың өзегі неден шықты десек, Париж Олимпиадасы кезінде кей спортшылардың айтқан сөздері көп сынның жазылуына түрткі болды. Атын атап, түсін түстемесек те оқырман кімдерді айтқанымызды ұға жатар, жеңілгеннен кейін "Алланың қалауы осы болды" деп ақталып, жүлдегер атанғанда "дұға оқығанымда қарсыластарым көзіме кішкентай болып көрінді" деген сарындағы әңгімелерді естідік. Өз кезегінде сын айтушылар да спортшылардың көзқарасын сөкпейді, тек жеңілген адамның сөз арқылы "жауапкершілікті Құдайға ысырып", жұбануын, ал жеңген адамның дұға арқылы сиқыр жасағандай мистика айтуын айыптайды. Демек, бар мәселе әсіре діншілдікке келіп тіреледі.

Рас, бұған дейін елдегі спортшылардың басым бөлігі жат ағымның ығына жығылып жүргенін айтушылар кездесті. Кейде дәлелі спортшылардың жүріс-тұрысынан, іс-әрекетінен, сөздерінен байқалып тұрды. Ақыры қоғам бұл проблеманың спорт саласында ішінара бар екенін мойындады. Мәселен, теолог Кеңшілік ТЫШҚАНҰЛЫ шынымен спортшылар арасында әсіре діншілдік қарқын ала бастағанын, кейбірінің сыртқы сипатынан-ақ аңғарылатынын айтып отыр.

Фото: К.Тышқанұлының жеке мұрағатынан.

- Қазақстан спортында, соның ішінде күрес түрлерінің арасында әсіре діншілдік, радикализм, салафизм мен уахаббизмді ұстанатын топтар жоқ деп айта алмаймыз. Жекелеген спорт клубтарында, көптеген жаттықтырушыларда дін тенденциясы бар. Тіпті, кейбірі теріс ағымның өкілдері екені рас. Осы тұста проблема шығады. Әйткенмен, радикалды топтардың да өзіндік діни-теологиялық негіздері барын ұмытпаған абзал. Мысалы, "күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан қарағанда қайырлы, жақсы" немесе "күресу – Пайғамбардың сүннеті" деп айтып жатады. Садақ атуды, суда жүзуді де сол қатарда дәріптейді. Кезінде осыған байланысты айтылған уағыздар ақырындап өнер мен спорт саласына кірді. Соның әсерінен кейбір спортшыларымыз әсіре діншілдікті насихаттай бастады. Оны сыртқы формасы да көрсетіп тұрады.

Сондықтан жеңіліс тапқанда "Алланың қалауы болды" деп жатады. Әрине, мұсылман адам ретінде бұл сөз орынды. Алайда, жалпы алғанда бұл дүниеде еңбек еткен адам ғана табысқа қол жеткізеді. Мейлі мұсылман болсын немесе болмасын – бұл дүниенің заңдылығында "егін еккен, суарған, баптаған адам ғана өнімін алады" деген қағида бар. "Құдайдың қалауы болды" деп жұбануға болатын шығар, бірақ өзінің жалқаулығы мен әрекетсіздігін Құдайға жабуға болмайды. Бірінші әрекет еткені жөн, - дейді маман.

Әйткенмен, теолог мәселенің екінші жағы барын алға тартады. Қоғамда исламофобия асқынып тұрған шақта біреу "Құдай, Алла" деп айтса, соның бәрін қоғамға қарсы қойып, радикализмге жатқызу үрдісі белең алған. Мысалы, көрші Өзбекстан спортшылары биылғы Олимпиадада жақсы нәтиже көрсетті. Ондағы спортшылар да жеңгенінде "Құдайға шүкір" деп айтып, кейбірі сәжде жасап жатты. Алайда өзбек қоғамы спортшыларын әсіре діншіл атап, сөгіп жатқан жоқ. "Шүкір, Құдайдың қалауы" деп айту мұсылман адамдардың құндылығы іспетті дүние. Сол үшін спортшыларды қатты қыспаққа ала берудің қажеті жоқ. Бір сөзбен айтқанда, қазір бізге қалыпты діндарлық пен радикализмнің арасын ажыратып алу керек.

Спортшылардың ұстанымы идеологияға әсер етеді

Читайте также
Қазақ спортын өлтіріп тастадық

Кез келген мемлекетте танымал тұлғалар, олардың қатарында спортшылар да маңызды идеологиялық рөл атқаратыны шындық. Қоғам, соның ішінде енді бой түзеп келе жатқан жастар жағы олардың жүріс-тұрысына, сыртқы сипатына еліктейді, айтқан сөздерін санасына сіңіріп, өмірлік ұстанымдарына айналдыратындар бар. Мысалы, бұған дейін дінтанушы Жандәулет СҮЛЕЙМЕНОВ түзеу мекемелерінде терроризм, экстремизм бабы бойынша сотталған спортшылардың бар екенін ашық айтып, ол ортаны сынаған еді. Міне, дәл осы тұстан қарағанда кей спортшыларымыз жауапкершілігін ұмыт қалдырғандай көрінеді.

Спорт сарапшысы Айдос РЫМҚҰЛДЫҢ сөзінше, кей өңірлерде қазір әсіре діншіл бапкерлердің кесірінен баласын спорт үйірмелерінен шығарып алып жатқан ата-аналар бар.

Фото: А. Рымқұлдың жеке мұрағатынан.
Читайте также
Арнайы визасыз қажылық жасау күнә – ҚМДБ

- Менің ойымша, спортқа дін кедергі келтірмейді, бұл уақытқа дейін де кедергі келтірмеген. Алайда елімізде спорт саласының айналасында әсіре діншілдік бар, шынымен қауіп төндіретін деңгейде. Спорттағы жетістіктер, әсіресе посткеңестік елдерде идеология құралы десек, спортшының өзі соның негізгі таратушысы деп айта аламыз. Сондықтан ел алдында жүрген, үлгі тұтатын адамдардың дінді, оның үстіне теріс діни ағымдарды насихаттауы қатты белең алып жатыр. Кейбір аймақтарда спорттық секциядағы әсіре діншіл бапкерлердің кесірінен балаларын алып кетіп жатқан ата-аналар жайлы білеміз. Әр спортшының, жалпы, әр адамның діні өзінің жүрегінде болуға тиіс және кез келген қарсы тараптағы адамның наным-сеніміне құрметпен қарауы керек. Еліміздегі спорттың бір кемшілігі осында, - дейді ол.

Қорыта айтқанда, кез келген маман иесінің, спортшының жетістікке жетуі не құлдырауына оның діни ұстанымының еш қатысы жоқ. Дін – ешкімге де кедергі емес. Азаматтың діни ұстанымына байланысты спортшының жетістігіне баға беруге болмайтыны анық. Әйтсе де, әсіре діншілдік пен спортты ұштастыру арқылы өзге азаматтарға, соның ішінде жастарға діни мотивтегі әңгімелерді насихаттау өте қауіпті құбылыс екенін ескерген абзал.

Коллаж: Canva.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Невидимое братство независимой страны
Интервью с Великим Мастером Великой Ложи Казахстана Айдаром Алпысбаевым ко Дню Независимости
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером