Атырауда электр энергиясының өшуінен мектептер онлайн оқуға көшірілді

1517 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 14 Ноя 2022, 13:00

Атырау қаласында электр энергиясының өшуі кеше, 13 қарашада басталған. Ал бүгін, 14 қарашада 5 балабақша мен 6 мектепте жарық әлі жанбаған

Атырау қаласындағы Геолог, Жұлдыз, Жұмыскер шағынаудандарында және шаһардың ескі бөлігінде орналасқан балабақшалар мен мектептерде электр энергиясы өшіп қалды. Осыған байланысты 10307 оқушы сабақты онлайн оқуға көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста он үшінші жеңісіне қол жеткізді

Өткен аптада ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда жарық жиі сөніп қалатынын сынға алған еді.

"Атырау облысындағы тағы бір өзекті мәселе – электр желісінің тозуы. Оның 40 пайызға жуығы ескірген. Биыл 15 елді мекеннің электр желісі жөнделіп жатыр. Дегенмен, бұл жеткіліксіз. Соңғы жылдары аймақта электр қуаты жүйесі дұрыс істемейтін болды. Өңірдегі энергия тапшылығы – шамамен 200 мегаватт. "Атырау Жарық" компаниясының жұмысына қатысты сын-ескертулер бар. Егер компания өз міндеттемесін орындамаса, ондай келісімді бұзу қажет", - деді атыраулықтармен кездесуде президент.

Атырау қаласында электр энергиясының өшуі кеше, 13 қарашада басталған. Ал бүгін, 14 қарашада 5 балабақша мен 6 мектепте жарық әлі жанбаған.

"Осыған байланысты №26 балабақшадан – 294 бала, №33 балабақшадан – 187, №35 балабақшадан – 278, №36 балабақшадан – 164, Шағала балабақшасынан 139 бала үйіне қайтарылды.

Ал жалпы орта білім беретін 6 мектепте электр жарығы жоқ. Сол себептен, Атырау қаласындағы №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектептің – 1874 оқушысы, №35 мектеп-гимназияның – 1564, №36 мектеп-гимназияның – 1445, №39 орта мектептің – 2332, Қ.Смағұлов атындағы орта мектептің – 1429, Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің 1663 оқушысы онлайн оқуға көшірілді", - деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен.

Электр жарығы жоқ балабақшалар мен мектептердің қызметкерлері жұмысын жалғастырып жатыр.

Электр жарығының өшуіне байланысты "Атырау-Жарық" АҚ басшылығы түсінік берген жоқ.

Фото: iStock.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд