2022 жылдан бастап қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна мұнай шламы жинақталған
Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Жылыой Болашақ" ЖШС рұқсат құжаттарынсыз мұнай шламдарын жинақтау бойынша қызметті жүзеге асырғанын анықтады, деп хабарлайды Kazinform.
Мәселен, 2022 жылдан бастап қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна мұнай шламы жинақталған.
"Осы факті бойынша «Жылыой Болашақ» ЖШС-не сот 923 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді", - деп жазды Атырау облысының прокуратурасы.
Фото: Arnapress.kz.