Ақтөбеде Есет батырдың 355 жылдығына орай ақындар айтысы өтіп жатыр

1913 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 09 Окт 2022, 13:00

Ақындар Есет Көкіұлының ерлігін айтып, тарихи деректерді мысалға келтірді

Ақтөбеде Есет Көкіұлының 355 жылдығына арналған "Еркіндік қыраны, шарықта" атты республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Елена Рыбакина Чехиядағы ірі жарыстың жартылай финалына шықты

Ақтөбеде Есет батырдың 355 жылдығына орай Алға ауданы Бестамақ ауылында түрлі мәдени-танымдық кеш өтті. Спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Ал қазіргі кезде Студенттер сарайында ақындар айтысы өтіп жатыр. Оған республикамыздың жер-жерінен келген 10 ақын, Ақтөбе өңірінен 6 ақын қатысты.

"Мақсаты − айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттау, ұлттық өнеріміз арқылы тарихымыздың даңқты парақтарын, елдік жолында аянбай тер төккен асыл бабаларымызды ұлықтау. Жас ақындардың шеберлігін шыңдай түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау, сондай-ақ өңірдегі айтыс мектебінің шығармашылық әлеуетін насихаттау негізгі міндет",- деді облыстық халық шығармашылығы үйінің өкілі Гүлнар Сейталина. Республикалық айтыста Қанат Мырзаханұлы (Жамбыл облысы), Нұрлан Мұсаев (Маңғыстау облысы), Рүстем Қайыртай (Абай облысы), Шұғайып Сезімхан (Алматы қ.), Серік Қуанған (Шығыс Қазақстан обл.), Біржан Байтуов (Шымкент қ.), Айдос Рахметов (Қызылорда обл.), Қазырет Бердіхан (Алматы қ.), Шалқарбай Ізбасаров (Атырау обл.), Рауан Қайдаров (Астана қ.) және ақтөбелік ақындар Жұлдыз Қожабекова, Марат Ахметов, Ершат Қайболдин, Жәнібек Бейбітов, Айболат Көшкінбаев, Нұрбол Жауынбаев өнер көрсетті. Айтыскерлердің өнеріне Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы төрелік етті.

Айтысты Жүрсін Ерман жүргізді.

Ақындар Есет Көкіұлының ерлігін айтып, тарихи деректерді мысалға келтірді. Ақтөбе жерінде туып-өскен тұлғалардың еңбегін де сөзбен өрнектеді. Сонымен бірге Димаш Құдайбергеннің өнерін, Алматыда өткен концерті, қазақ ұлының жетістігі айтылды.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Встречи министров, старые убийства, интернет-мошенники, массовая драка и споры вокруг Кок-Жайляу
Что происходило в Казахстане и странах региона — коротко о самых обсуждаемых событиях за неделю
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай